Жазда артық терлемей, шашыңызды түйіп не байлап қойғанды жөн санайсыз ба? Ендеше осы шаш сәндеріне кішкене ерекшелік енгізіп, көпшіліктің арасынан көзге түсерліктей болыңыз.
Өрілген шаш
Шашыңызды түнге қарай өріп қойып, таңертең осы шаш сәнімен жүре беріңіз. Осылайша ол бейберекет, бірақ әдемі көрінеді. Шашыңыз тым ұқыпсыз көрінсе, өрімді тарқатып, тарамастан қайта өріп тастаңыз. Табиғи, қарапайым көрінетін шаш сәні нағыз жаздық тренд.
Көлемді шаш
Бұндай нәтижеге қол жеткізу үшін, саусақтарыңызбен шашыңызды үрпитіп қойыңыз. Артынан көтеріп тұрып, көлем сақтайтын сұйықтық шашыңыз. Қысқыштармен бір-екі жағынан қыстырып, бірнеше шаш бұрымын босатыңыз.
Жұмсақ толқындар
Бұл шаш сәні сіз жаңа ғана көлге шомылып шыққандай көрінуі керек. Дымқыл шашқа шаш жатқызуға арналған спрей шашыратып, шаш түбіне көлем беретін мусс жағыңыз. Шашыңызды фенмен шамалы кептіріп қойыңыз. Плойкамен бірнеше шаш бұрымын бұраңыз, алайда шашыңыз табиғи көрінгенін қадағалаңыз.
Байланған шаш
Кәдімгі буылған шашты да ерекшелендіріп жасаса болады. Қарапайым шаш буатын резеңкенің орнына түсті баулар мен түрлі аксессуарлар жабыстырылған резеңкелерді, тіпті шаштың өзін орап көріңіз.
Түйілген шаш
Бұл шаш сәні нағыз әмбебап шешім. Ойнақы көйлекке де, классикалық костюмге де жараса алатын түйілген шашты былайша істеуге болады. Шашыңызды биік жинап, буып алыңыз. Бос шашты түбінен орап, қысқыштармен қыстырып қойыңыз. Бірнеше шашты шығарып қойсаңыз, шашыңыздың қарапайым көрінуіне қол жеткізесіз.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: vk.com