Өзін сыйлайтын әрбір әйел бет күтіміне мән беруі тиіс. Әсіресе жазда бетке ерекше күтім қажет. Жаздағы бет күтіміне байланысты бірнеше пайдалы кеңес ұсынамыз:
1. Теріні жеткілікті түрде ылғалдандырыңыз. Ең аз дегенде күніне екі рет жуынып, ылғалдандырушы крем жағып қойыңыз.
2. Аптап ыстықта күн астына шыққанда SPF-фильтр кремін жағып шығыңыз.
3. Жаңа піскен жеміс-жидекті жиі жеп тұрыңыз.
4. Күніне 2 литр сұйықтық ішіңіз. Әсіресе жаз айларында теріміз жиі "шөлдейді". Сондықтан суды көп ішуге кеңес береміз.
5. Тоналды крем мен опаны қолданбаңыз.
6. Тұрақты түрде бетіңізге маска жасаңыз. Масканы жеміс-жидектен жасауға болады.
Жазда бетті жақсылап күтсеңіз, қыста да, көктем мен күзде де бетіңіз әдемі болып жүреді. Сондай-ақ бет күтіміне құрамында спирті жоқ тоникті пайдаланыңыз.