Қазіргі ыстықта қаламыздың шаң-топырақ көшелерінде жарты сағаттық серуеннен кейін-ақ "Шіркін, қазір салқын душқа түссе ғой!" деген ойлар пайда болады. Кеше ғана суға түскен болсаңыз да, кеңсеңізге жетемін дегенше терлеп-тепшіп, балғындық сезімі атымен жоқ болады ма? Жаздың аптап ыстық күндері мына кеңестерді есіңізге алып, сәл де болса ыстығыңызды басыңыз.
Шөп қосылған ванна қабылдау. Емдік қасиеттері бар шөптердің қайнатпалары қосылған ванна артық терлегенді баса алады. Мысалға түймедағы, қырықбуын (хвощ) не емен қабығы бар шөптермен жуыныңыз.
Дезодорант. Теріңізді бәсеңдететін дезодорантты дұрыс таңдау керек. Спрей-дезодорант жағымсыз иіспен күреседі, алайда терлегеніңізді тоқтата алмайды. Ал антиперспирант тер бездерінің жұмысын 50%-ға азайтады. Ал дезодорант-антиперспирант терлеуді азайтып, бактериялармен күресіп, иісін де жасырады.
Сабын. Даладан үйге ыстықтап келген сәттері суға түсіп, сабынмен теріңізді ысқылап жуғыңыз келеді ме? Сабын тері, шаң-тозаң, кірдің бәрін жуып, одан кейін балғындық сезімі қалады деп санайсыз ба? Асықпаңыз. Бұл қасиеттеріне қоса сабын теріні қатты құрғатады, ал ол өз кезегінде терінің май бездерін қоздырып, оларды белсенді жұмыс істеуге итермелейді. Нәтижесінде сіз одан көп терлеп, теріңізге май одан да көп бөлінеді. Сондықтан сабынның орнына душқа арналған гель, не крем негізінде жасалынған жұмсақ сабындарды қолданыңыз.
Термалды су. Жазда сөмкеңізде осындай судың бір бөтелкесін ұстап жүріңіз. Тым ысып кеткен кездері теріңізге термалды су шашып қойыңыз. Бұл терінің ылғалдығын сақтап қалуға көмектеседі.
Эвкалипт майы. Эвкалипт майының суға ерітіндісін кішкентай бөтелкеге құйып алып өзіңізбен алып жүріңіз. Қолыңыз бен бетіңізге бір тамшысын жақсаңыз, сол сәтте балғындықты сезесіз.
Жоғары түйілген шаш. Жазда шашты жіберіп жүру мүмкін емес шығар. Сондықтан түйілген шаш осы маусымда сіздің сүйікті шаш сәніңізге айналар. Түрлі резеңке мен қысқыштарды пайдаланып, күні бойы терлемей жүріңіз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: centennialhillshospital.com