- Негізгі бет
- Сымбат
- Жаттығудағы қателіктер...
Жаттығудағы қателіктер
Бірінші қателік. Сіз жаттығу залына барып, аз ғана жаттығудан соң, қарныңыздың ашқанын сезесіз. Сөйтесіз де, спортпен көп шұғылдансам, қарным тез ашады деп түйесіз.
Өйткені жаттығу тәбетті қуады. Демек, күн сайын жаттығу залына барып тұру арқылы ешқандай да емдәмсіз азуға болады. Сондықтан, сіз өзіңіздің аш болуыңызды жаттығудан көрмеңіз. Оған "кінәлі" - сіздің жасап жүрген емдәміңіз.
Екінші қателік. Сіз спортпен таңертең аш күйде айналысасыз. Мұндағы ойыңыз - азғадағы көп калорияны азайту.
Мамандардың айтуынша, жаттығумен күндіз айналысқан жөн: бұл уақытта тері жылып, ағза толық оянып бітеді. Сонда ғана сіз белсенді түрде спортпен айналыса аласыз. Бұл уақытқа дейін тамақтанып та үлгересіз.
Үшінші қателік. Сіз спортпен айналысу арқылы бір нәтижеге қол жеткізем деп жүріп, кейде жаттығу залында шектен тыс уақыт өткізесіз.
Мәселе сіздің қанша сағат жаттыққаныңызда емес, қалай жаттыққаныңызда! Сондықтан өзіңізді қатты шаршатпай, жаттығу залынан уақытылы қайтыңыз. Артық қылам деп, тыртық қылып алмаңыз.
Төртінші қателік. Сіз үнемі бір ғана жаттығуды қайталай бересіз.
Өкінішке орай, адамдар бірізділікке үйреніп алады да, жаңа дүние жасаудан қорқақайды. Жан-жақты білім алу арқылы ақыл көбейсе, дәл сол секілді әр түрлі жаттығу жасаудың да өзіндік пайдалы тұстары жетерлік. Егер күн сайын бір жаттығуды қайталай берсеңіз, бар шыныққаныңыздың жартысының да түкке тұрмағаны деп есептеңіз.
Бесінші қателік. Егер жаттығудан соң, бір жеріңіз ауырып, шаршамасаңыз, жаттығу текке кетті деп ойлайсыз.
Жаттығудан соң, ауырлық сезінбесеңіз, онда денсаулығыңыздың қуатты болғаны. Демек, сіздің жаттығуыңыз тіпті нәтижелі өтті деген сөз.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: ufachildren.ru
А. Әбілхан