Тер төгіп жаттыққан жаттығуларыңыз денеңізді сымбатты етсін десеңіз барлық нюанстарын есепке алу керек. Ең басты неге назар аудару керек екенін мамандар әңгімелеп бермек.
1. Маңыздылығына қарай саралаңыз. Машықтануды ең маңызды деген жаттығулардан бастаңыз, әйтпесе кейін оған күшіңіз жетпей қалуы мүмкін.
2. Аяқтарыңызды жаттықтырыңыз. Аяққа арналған жаттығулар артық калориялар мен майларды кетіруге ықпал етеді.
3. Су ішіңіз. Бұл өте маңызды, өйткені ағзаның құрғауынан ешқандай пайда жоқ.
4. Ұзағырақ машықтаныңыз. Ағза майларды машықтанудың жарты сағатынан кейін кетіре бастайды. Көбірек машықтанған сайын, көбірек майлар кетеді. Бір сағаттан артық машықтануға тырысыңыз.
5. Жиі тамақтаныңыз. Күніне аз ғана мөлшерде 5 уақыт тамақтануға тырысыңыз, бұл зат алмасуды жиілетіп, толып кетпеуге ықпал етеді.
6. Әртүрлі жаттығулар. Күніне дене мүшесінің бір бөлігін ғана машықтата бермеңіз. Бұлшық еттер қалпына келу үшін уақыт керек. Жаттығуларды бірнеше күнге бөліп тастаңыз, мысалы: аяқ – дүйсенбі, арқа – сейсенбі, кеуде – сәрсенбі және т.с.с.
7. Созылып, керіліңіз. Машықтануды бастарда және аяқтағанда дене мүшелерін созып жаттығулар жасаңыз. Бұл бұлшық еттердің денсаулығына маңызды.
8. Жаттығуларды алмастырып отырыңыз. Дене бір текті жаттығуларға үйреніп алады, сондықтан басқа да іс-қимылдар мен техникаларды пайдалануға тырысыңыз.
Сурет: ya-zdorov.kz
Дайындаған: Анар Мұстафина