Тері жастығы мен балғындығын қалай сақтауға болады? Бұл сұраққа 18 жастан асқан барлық әйел ойлана бастайды. Көп жағдайда түрлі косметикалық құралдар қолданғанмен, нәтиже көрінбейтінін байқап жатамыз. Ендеше, теріге ерте әжім түсіретін әдеттерді анықтайық. Темекі тарту. Темекі тарту теріні қартайтатыны құпия емес. Ол тек теріге емес, ағзаға да зияны көп. Әрдайым темекі тарту мұрын-ерін әжімінің көбеюіне әкеледі. Сұйықтықты түтікшеден ішу. Әрдайым ерінді жиырғандықтан, оның айналасына әжім көбейе түседі. Сондықтан, түтікшені көп қолданбай, стақанмен ішкен дұрыс. Ішпен немесе бір қырымен ұйықтау. Өрескел тілмен айтқанда, бет терісі жастық салдарынан мыжылады. Жас кезде ол білінбегенмен, уақыт өте тері коллагенді жоғалта бастағанда жастықтың әсерін сезе бастайсыз. Компьютер. Экран жарығы көздің көруіне ғана емес, сонымен қатар көз айналасындағы теріге де зияны бар. Егер күнде монитор алдында көп уақыт отырсаңыз, көз айналасына әжім көбейе түседі. Арнайы көзілдірік кисеңіз, компьютердің кері әсерін азайтасыз. Жылыту. Қыстың суық кездерінде жылынғанды ұнатамыз. Алайда шектен тыс жылыту теріні құрғатады. Құрғақ теріге әжім көбейетіні белгілі. Майсыз тағам. Арықтау, дұрыс тамақтану, вегетарианшылық олардың барлығы жақсы болғанмен, ағзаға, соның ішінде теріге май қажет. Бұл бургер секілді зиянды тамақтар жеу керек деген сөз емес. Мысалы, жаңғақтар жеңіз немесе салатқа зәйтүн майын қолданыңыз. Олардың құрамында май бар және өте пайдалы.