Бөрітарақ (гибискус) сөзін естігенде әдемі гүлді елестетеміз. Бөрітарақты үйде өсіру — жақсы идея. Бірақ көпшілік оның теріге пайдалы екенін біле бермейді. Басқа да шөптер мен гүлдер секілді бөрітарақ та нағыз тері қасиеттеріне қажетті емдік жинақпен мақтана алады.
1. Ол ағзадағы коллагеннің табиғи өңделуін қалыпта ұстайды
Коллаген өңделуін түрлі әдістермен жақсартуға болады: оны сусын ретінде ішу, ұнтақ ретінде пайдалану және т.б. Оның құрамындағы С дәруменінің көп мөлшерінің арқасында ол табиғи жолмен біздің ағзамыздағы басты құрылыстық ақуыздың өңделу қарқындылығын арттыра алады.
Зерттеулер С дәрумені (аскорбин қышқылы) коллагеннің реттелуі үшін қажетті элемент болып табылатынын көреткен. Бұл маңызды процестер үшін жауап беретін ақуыздар аскорбин қышқылын қажет етеді. Бұл бөрітарақ күтім құралдарының, соның ішінде қартаюға қарсы күтім құралдарының формуласындағы басты компоненттің бірі бола алатынын білдіреді.
2. Ол коллагеннің бұзылуын баяулатады
Бөрітарақ коллаген өңделуін арттырып қана қоймай, ол коллагенді молекулалардың бұзылу процесін баяулата алады. Себебі бөрітарақ мирицетин деп аталатын антиоксидантқа бай. Ол коллаген бұзылуына қатысатын фермент — коллагеназдың (коллагеназ белсенділігі жас ұлғая артады) жұмысын тоқтатады. Бөрітарақ құрамындағы мирицетин тері қартаюының алғашқы белгілерімен күресудегі негізгі көмекшіңізге айнала алады.
3. Эластин бұзылуының алдын алады
Эластин — теріні серпімді ететін ақуыз. Бұл протеин ағзадағы дәнекер ұлпаларында және теріде болады. Бірақ жас ұлғая келе ағзада эластаз ферменті белсенді бола түседі де, эластин бұзыла бастайды. Бөрітарақ құрамындағы мирицетин эластаз белсенділігін басып, эластиннің жоғары деңгейде өңделуіне ықпал етеді.
4. Ол тері қабынуларымен іштей күреседі
Бөрітарақ косметологияда құрамындағы көп мөлшердегі антиоксиданттарымен, С дәруменімен және бета-каротинмен танымал. Сондай-ақ, оның сығындысында тиімділігі жоғары қабынуға қарсы антоциан пигменті бар. Ол бөрітараққа қызыл реңк береді. Ол нағыз терідегі қышқылдандыратын процестер мен қабынулар қарқындылығын азайтады. Тері қабынулары жиі ағзаның бос радикалдар себебінен болатын зақымдарға реакциясы болып келеді. Бөрітарақтағы антиоксиданттар олардың жағымсыз әсерлерін бейтараптандыруға көмектеседі.
5. Оның құрамында терінің терең тазаруына ықпал ететін AHA-қышқылдар көп
Бөрітарақ альфа-гидрокси қышқылдардың, соның ішінде алма және лимон қышқылдарының табиғи көзі ретінде танымал. Бұл қышқылдар терінің терең тазарылуы және тері реңкінің жақсаруы үшін пайдалы. Бөрітарақ сығындысы қосылған күтім құралын қолдану арқылы жиналып қалған өлген жасушалардан арыла аласыз және регенерациялық процестерді қалыпты деңгейде ұстап тұра аласыз.