Шашыңыз түсін өзгертіп, жылтырынан айырылды ма? Суық кезең шаш саулығына жаман әсер етуі мүмкін. Сусабын мен бальзамдармен ғана шектелмей, шаш жағдайын жақсартатын маскаларды қолданыңыз. Әрине үйде жасалған табиғи заттардан дайындалған маскалар әлдеқайда пайдалы болмақ.
Айран маскасы
Шашты жуғаннан кейін, қалың қабат айран жағыңыз. Үстінен шашыңызды целлофанмен орап, орамалмен қымтап қойыңыз. 35-40 минутқа қалдырып, артынан шашыңызды жылы сумен жақсылап жуып жіберіңіз. Аптасына бір рет жасаған жеткілікті.
Қоректендіргіш маска
2 жұмыртқа мен 1 қасық зәйтүн майын араластырып, шашыңыздың түбіне жағыңыз. Сыртынан целлофанмен орап, 15-20 минутқа қалдырыңыз. Артынан жылы сумен жуып жіберіңіз.
Шаш түсін жаңартатын маска
3 жұмыртқа, 6 қасық лимон шырыны, 6 қасық алма мен сірке суын араластырыңыз. Шашқа жағып, 5-ақ минут ұстаңыз. Артынан жылы сумен жуған дұрыс.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: lediuspeh.ru