Жас көріну үшін...

Жас көріну үшін...

2013 жыл төрге шықты. Жаңа жылды барша ағайын жапа-тармағай мәз-мейрам болып қарсы алса да, қыздардың іштерінде аз ғана уайымы бар шығар. Бір жасқа үлкейдік қой деген. Расымен, бір жасқа қартайып жатырмыз. Бірақ, оған қам жеудің қажеті жоқ. Массагет.кз жас көрінудің мынадай жолдарын ұсынады:

1. Көз айналасындағы теріні күтіңіз

Көз айналасына жағуға арналған арнайы кремдерді пайдаланыңыз. Көзді уқалаған кезде де абай болыңыз. 

2. Мойныңызға күтім жасаңыз

Теріге крем жаққанда қыздар мойын тұсына келіп тоқтап қалып жатады. Мойын терісі бет терісіне қарағанда нәзік болып келеді. Сондықтан кремді мойныңыздан аямаңыз.

3. Кремді дұрыс таңдай біліңіз

Үлкейген сайын тері сезімтал әрі құрғақ бола бастайды. Крем таңдаған кезде кремнің қандай теріге арналғанына баса назар аударған жөн. Оның нақты мәселеңізбен күресуге қауқары жете ме, жетпей ме ол да маңызды. Қаптамадағы «anti-age» белгісі - басты нұсқаулық.

4. Кремді дәл уақытында жағыңыз

Крем пайдасын берсін десеңіз, оны нақты бір уақытта пайдаланыңыз. Антиоксиданттары бар кремді теріні күні бойы сақтауы үшін таңертең жағып алыңыз. Эксфолиантты кремдерді жасушаларды қалпына келтіруі үшін жатарда пайдаланған дұрыс.

5. Ішімдік пен темекіден аулақ болыңыз

Алкоголь әжім тудыруда алдына жан салмайды. Ерте қартаймайын десеңіз, темекі мен арақ-шарапқа "жоқ" деңіз.

6. Спортпен шұғылданыңыз

Спорт денсаулықтың қай мәселесінің болмасын шешімін табуына септігін тигізеді. Сондықтан, спорттың қай-қай түрі болмасын, денсаулыққа орасан зор пайда беретіні есіңізде болсын.

Әйел заты гүлдей құлпырып жүруі үшін жаралған деп жатады. Әдемілік қыздар қауымының басты қорғаны. Әрдайым сұлу, жас болып жүрейік!

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова 

Сурет: woman.ru

 

Р. Роза