«Жаралы жүрек синдромы» - жақын адамнан мәңгілікке айырылу сынды күйзелістің нәтижесінде пайда болатын жүрек ауруы. Оның емделуі бір айдың немесе бір жылдың еншісінде емес.
Ұлыбритания Абердин университетінің мамандарының анықтауынша, жүрек соққы болып тиген күйзелістен кейін кем дегенде 4 айға жуық уақыт бойы жұмысын бұзады. Және адам психикасы мен физикалық денсаулығына әсер етеді.
Синдром ең алғаш рет 1990 жылы Жапонияда анықталған. Басқаша атауы – «кардиомиопатия такоцубо». Ер адамдарға қарағанда әйел адамдардың бойында көп кездеседі. Жүрек қарыншасы өз қызметін бұзғандықтан, адамның кеуде тұсы шаншып ауырады. Дәл қазір бұл күйдің емі жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, уақыт өте келе өздігінен қалпына келуі мүмкін.
Дэйн Доусон басқарған мамандар 4 ай бойы «жаралы жүрек синдромымен ауыратын» 26 науқасты бақылаған. Олардың байқауынша, эхокардиографияның нәтижесі жақсы болса да, науқастар өзін жайсыз сезінетін болған.Тіпті, арада 4 ай уақыт өтсе де, белгілі бір ауытқушылықтар болатындығы дәлелденген.
Доусон мен әріптестерінің болжауынша, мұның арты жақсылыққа апармайды. Өлімге алып келуі де мүмкін. Дәл осыны Германия Росток университетінің мамандары да мойындап отыр.
Сурет: rumbur.ru