- Негізгі бет
- Сымбат
- Жапонша сұлулық ...
Жапонша сұлулық
Бір рет болсын жапон қыздарының бойын тік ұстауы туралы ойлап көрдіңіз бе? Олар күнделікті 1 минуттық жаттығу жасау арқылы, мінсіз мүсінге қол жеткізеді. Аталған жаттығу қол мен иық сызығын түзеп, денеміздің жоғарғы бөлігін қалпына келтіреді.
Жаттығу:
Екі қолымызды жоғары көтеріп, саусақтарымызды айқастырамыз. Артынша саусақтардың бағытын ішке, сыртқа қарай бұрамыз. Осы кезде кеуде мен қол бұлшық етін сезінудің маңызы зор. Мұнымен қатар қолдың барынша түзу болуын да қадағалау қажет.
Бұл жаттығуды күніне 2 мәрте жасау жеткілікті болады.
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай