Жапонияда тісі кетік қыздарды жақсы көреді

Токиодағы тіс емдеу емханасы өзінің кезекті бір косметикалық рәсімін жарнамалау арқылы қылықты қыздардың қызығушылығын тудырып, жергілікті жұртшылық арасында үлкен танымалдылыққа ие болып отыр. Жапондар "yaeba" деп атаған рәсімде азу тістер сүйірленіп ұзартылмақ.

Батыс елдерінде кетік тіс сорақылыққа жатқызылып, орны толмас кемшілік саналса, керісінше, "күншығыс елінде" бәрі басқаша екен. Тартымдылыққа баланатын бет сетпілі мен бет шұңқыры секілді, бұл өлкедегі кетік тістілердің кереметтілігі сөзбен айтып жеткізгісіз. "Қосарланған тіс" деген мағына беретін "yaeba" рәсімі азу тістің айбарын арттырып, қансорғыш ( вампир) тіске бір табан жақын мүмкіндік сыйламақ.

Біреулер аталған рәсімнің арқасында қыздардың мысыққа ұқсап, тартымды көрінетіндіктерін алға тартса, екінші біреулері көрік үстіне көрік қосылды деп, ұнамдылықтары артатынын бағалаған. Бәрінен бұрын, журнал бетінің арманнан алшақ қыздарының қасында осы бір ардақты қыздардың жақын да жақсы көрінетіндіктері айтылып жүр.

Бүгінгі таңда жапон жұлдыздарының көпшілігінің тістері кетік. Брекет тағудың орнына береке тілейтін әйгілі тұлғалардың кетік тістерден бағасы артпаса, еш төмендеп жатқан жоқ көрінеді. 

"Уaeba" рәсімі Жапонияда соңғы жылдарда кең етек танымалдылыққа ие болып келеді. Оның айқын көрінісі ретінде, Токиодағы осы бір емхананың өзін айтсақ та жетіп жатыр. Дәрігер Йоко Кашияма бастаған салон қызметкерлері "yaeba" рәсімін жасату үшін күніне мыңдаған адамның бас сұғатынын тілге тиек етеді. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/tWzQyI8XAJA","width":"450","height":"240"});

 

сурет:bez-galstuka.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек