Жақын күндердің бірінде жапондық дәрігер Хитоси Ватанабе (Hitoshi Watanabe) салмақ жоғалтуға байланысты өзінің тәжірибесімен бөлісті. Ол барлық Америка тұрғындары ұстанып көрген банан диетасын ұсынды. Бұл диета несімен танымал? Ватанабенің айтуынша, салмақтан арылу үшін таңғы асты жылы сумен және бананмен алмастыруымыз керек.
Хитоси Ватанабе бөлме температурасындағы су мен банан метоболизмді жылдамдататындығын айтады. Осының салдарынан адам түскі және кешкі асқа не жесе де, салмақ жоғалтады. Мұнымен қатар, шала піскен бананның құрамында өзімізді тоқ сезінуге көмектесетін крахмал болады. Нәтижесінде салмақтан арылу процессі жылдам жүреді. Ал бөлме температурасы ашығу сезімін азайтып, астың толық қорытылуына жағдай жасайды.
Таңертеңгі банан диетасы:
1. Күнделікті сағат түңгі 12-ге дейін ұйықтауыңыз керек.
2. Қандай жағдай болмасын артық тамақ жеуге болмайды.
3. Сүтті және алкогольді тағам, сусындардан бас тартыңыз.
4. Физикалық ауыртпалық міндетті емес. Оны қалауыңызша орындауыңызға болады.
5. Рұқсат берілетін жалғыз шырын – су.
Диеталық мәзір:
Таңғы ас: бір немесе бірнеше шала піскен банан және бөлме температурасындағы су.
Түскі ас: қалауыңызша.
Арасында: дәмтатым немесе жеміс-жидек.
Кешкі ас: бұл да өзіңіздің қалауыңызша. 20:00-ден кейін мүлдем тамақ ішпеудің маңызы зор. Десерттен бас тартыңыз.
Банан диетасының пайдасы:
- шектен тыс тамақтануды алдын алып, метаболизмді күшейтеді;
- кофеиннен бас тарту арқылы қан құрамындағы глюкоза деңгейін ретке келтіреді.
- десерт, сүтті тағамдардан бас тарту арқылы май мен қанттың мөлшерін азайтасыз;
- құрамында минералдар мен дәрумендер көп.
Банан диетасының кемшіліктері:
- кейбір адам таза көмірсуларды қабылдай алмайды;
- аталған диета физикалық белсенділікті қажетсінбейді.
Егер осыған дейін артық салмақтан арыла алмай жүрген болсаңыз, аталған диетаны ұстанып көріңіз. Оның денсаулығыңызға айтарлықтай зақым келтіретін кері әсері жоқ.