Жапон диетасы

Азиялық әйелдер арасынан артық салмақтыларын көп кездестіре бермейтініміз рас. Оның сыры неде? Табиғат па, тұқымқуалаушылық па? Әлде олардың ас мәзірінде құпия бар ма? Олардың ас ішу мәдениеті бөлек. Жапон диетасымен 7 күнде 5 килограмм салмақ тастауға болады. Оның артықшылығы – диетамен жоғалтқан артық салмақ қайта оралмайды.

Бұл диетаны бастаудан бір күн бұрын тұз бен етті ас мәзірінен азайтыңыз. Көкөністерден көбірек жеп, күніне, кем дегенде, 1,5 литр су ішіңіз.

1-күн:

Таңғы асқа 1 кесе сүтсіз, қантсыз кофе ішіп, артынан 1 стакан су ішіңіз. Су ағзадағы токсиндерді айдап шығарып, астың дұрыс қорытылуына септігін тигізеді.
Түскі асқа 2 піскен (қайнатып) жұмыртқа, пекин орамжапырағынан дайындалған шағын салат және 1 стакан томат шырыны жеткілікті. Томат шырынын үйде дайындаған жөн. Өйткені дүкенде сатылатын шырынның құрамында тұз болады. Ал жапыон диетасының басты қағидағысының бірі – тұздан бас тарту.
Кешкі асқа балық (250г) пісіріп (буда не қайнатып) жеңіз.

2-күн:

Таңғы асқа 1 кесе сүтсіз, қантсыз кофе мен аздаған қатқан нан (ржаной сухарик).
Түскі асқа орамжапырақтан дайындалған шағын салат пен балық (қайнатып пісірген).
Кешкі асқа 200 г майсыз қой еті (қайнатып пісірген) және 1 стакан айран (майлылығы 1%).

3-күн:

Таңғы асқа 1 кесе сүтсіз, қантсыз кофе мен аздаған қатқан нан (ржаной сухарик).
Түскі асқа табаға аздап зәйтүн майын құйып, кәді қуырып жеңіз.
Кешкі асқа 2 жұмыртқа (суға піскен), 200 г майсыз қой еті (қайнатып пісірген) және орамжапырақтан дайындалған шағын салат.

4-күн:

Таңғы асқа 1 кесе сүтсіз, қантсыз кофе.
Түскі асқа міндетті түрде ірімшік тілімі (15 г), 1 жұмыртқа (суға піскен) және сәбіз (суға піскен).
Кешкі асқа 2 қызыл алма.

5-күн:

Таңғы асқа сәбіз (суға піскен) бен лимон шырыны.
Түскі асқа 250 г балық (буда не қайнатып) және 1 стакан томат шырыны.
Кешкі асқа 2 қызыл алма.

6-күн:

Таңғы асқа 1 кесе сүтсіз, қантсыз кофе.
Түскі асқа 500 г тауық еті (қайнатып), зәйтүн майымен орамжапырақ немесе сәбіз салаты.
Кешкі асқа орамжапырақ салаты және 2 жұмыртқа (суға піскен).

7-күн:

Таңғы асқа 1 кесе көк шай.
Түскі асқа 200 г сиыр еті (қайнатып) және жемістер (алма, алмұрт, апельсин).
Кешкі асқа үшінші күнгі ас мәзірінен (2 жұмыртқа (суға піскен), 200 г майсыз қой еті (қайнатып пісірген) және орамжапырақтан дайындалған шағын салат) басқасының кез келгенін жеуіңізге болады.

Сонымен қатар күнделікті, кем дегенде 1,5 литр су ішіп жүруді ұмытпаңыз.

Дереккөз: anabol.kz