Жаңғақтар калориялы тағам ретінде есептеліп, оны арықтағысы келетін адамдарға жеу ұсынылмайтын. Алайда соңғы кездері бірнеше артық салмақтан арылу мақсатында жаңғақ диетасының тиімділігі дәлелденді.
Жаңғақтар өсімдік ақуызына бай. Сонымен қатар, жаңғақтардың барлық түрлерінде калий, магний, фосфор, темір және мыс секілді микроэлементтер мен дәрумендердің ерекше теңгерімі бар. Олар тінге қажетті күрделі ақуыздарға және ағзадағы ластықты шығаратын заттарға бай. Жаңғақтарды уақытылы қолдану жүрек ауруларының алдын алады. Жаңғақтардың барлық түрлері дерлік өз дәрумендері мен қоректендіруші қасиеттерін жылдар бойы сақтай алады.
Жаңғақтар жеңіл тамақ болып есептелмейді, сондықтан оны таза күйінде жеу бір уыстан аспау керек. Осы бір уыс жаңғақтың өзі адамды ұзақ уақытқа тойғызады. Соның себебінен, адам жоғары тәбетті бақылай алады. Барлық жаңғақ түрлерінде ағзадағы зат алмасуды жақсартатын қанықпаған майлар болады.
Жаңғақ түрлері
Орман жаңғағын (фундук) қант диабеті бар адамдарға жеуге болады. Оның құрамындағы көмірсулардың аздығына байланысты оны қатаң диета кезінде де жеуге болады. Одан артық салмақ қоспайсыз. Бұл жаңғақты жеу арқылы ағзаны тазартуға және иммунды жүйені бекітуге болады.
Грек жаңғағы мен бадам — омега қышқылдың қайнар көзі. Оларды ми белсенділігін жоғарылату мақсатында оқушылар мен студенттерге беру ұсынылады. Бұл жаңғақтардағы майлар ішек жұмысын жақсартады.
Самырсын жаңғағы (кедровый орех) — ерекше бағалы жаңғақ. Оның құрамында ағзаға қажетті барлық микроэлементтер бар. Самырсын жаңғағының дәні В, Е және К дәрумендеріне, сонымен қоса темір, фосфор, цинк, магний, мыс және марганецке бай. Бұл жаңғақ түрін қаназдық кезінде жеу ұсынылады.
Жаңғақ диетасының мәні
Жаңғақ диетасын 5 күн немесе 1 апта сайын ұстайды. Тамақтану режимі күнделікті түрде, алайда барлық жануарлар майы мен ақуыздарды жаңғақтармен ауыстырады. Сонымен қатар, ұннан жасалған өнімдер мен тәтті тағамдарды алып тастау қажет. Жаңғақтарды килограммдап жемеу керек, күніне жаңғақтардың кез келген түрінен 1-2 уыс немесе оларды араластырып, 4 қабылдауға бөліп қою қажет. Диета кезінде көкті, жемістерді және көкөністерді көп мөлшерде жеуге тырысу керек. Міндетті түрде көп мөлшерде су және қантсыз шырын мен шай ішу керек. Күніне шамамен 1,5 л сұйықтық ішу міндетті болып саналады, алайда одан көп болса, артық болмайды.
Мұндай жаңғақ диетасы ішектер жұмысын жақсартып, ағзадағы көптеген зиянды заттарды шығарады. Жануар майларын өсімдік майымен ауыстыру, көкті көп мөлшерде қолдану ағзаны табиғи тамақтануға үйретеді.