Қара жолақ сынды классикаға уақыт әрдайым табылады, ал осы жазда макияжыңызда болмаған дүниені: ақ жолақты пайдаланып көріңіз.
Жаз уақытында қошқыл реңктер қою ашық реңктермен – кемпірқосақтың барлық түсімен алмасады, қара түс жолын ақ түске береді. Бұл жаңа маусымда жаңа бейне қалыптастыруыңмен тікелей байланысты, әрі бұл киіміңе ғана емес, макияжыңа да қатысты. Визажистер әрдайым бізді батыл қадамдарға итермелеп әуре, үйреншікті тушьтің орнына түрлі-түстісін пайдалануға кеңес береді, ерінді ақылға сыймайтын түстермен бояуды ұсынады, ал енді қара сүрмені... аққа алмастыр дейді. Әлбетте, бұл қара сүрмеден күзге дейін үзілді-кесілді бас тарту деген сөз емес, бірақ жаз жоспарына ақ сүрмемен тәжірибе жасауды қосуға болады.
Ақ сүрме өзіңізге, әсіресе көзіңізге көңіл аудартпай қоймайтыны рас. Сондықтан бұл әдісті ұтымды деп тауып, подиумда кеңінен пайдалануда. Көрсетілімдерде ақ сүрмемен Kenzo, Moschino және Tibi сәнбикелерінің көздерін бояды, ал MM6 Maison Martin Margiela шоуы үшін ақсары түспен қабақты бояп, үшбұрыш жасаған. Макияждың бұл түрі қолайлы деуге келмес, есесіне ерекше.
Сурет: cosmo.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина