Жалбыз адам өміріне қажетті өсімдіктерінің біріне жатады. Одан сан түрлі косметикалық маскаларды жасауға болады.
Жалбыздан жасалған маскаларды жылдың кез келген мезгілінде жасап, пайдалануды әдетке айналдырыңыз. Жалбыз көк тамырларды қатайтумен қатар, құрғақ теріні ылғалдатушы әсерімен танылған.
Жалбыздан маска жасаудың бірнеше жолымен таныс болыңыздар.
Бетіңіз құрғақ болса:
1. Жалбыздың құрғақ жапырақтарын ұнтаққа айналғанша ұсақтаңыз.
2. 2 ас қасық жалбыз ұнтағын 2 ас қасық сумен араластырыңыз.
3. Қоспаны пешке қойып, отты бәсеңдетіп қойыңыз.
4. Ботқаның температурасы 70 градусқа жеткенде, пештен алып, суытыңыз.
5. Бетіңізді жуып, масканы жұқалау етіп жағыңыз.
6. Үстінен дәке жауып қойыңыз. Алдын ала мұрын, көз бен ауызға тесік жасап қойыңыз.
7. Жарты сағаттан соң жылы сумен жуып тастаңыз.
Бетіңіз құрғақ, ісінгіш болса:
1. Ащы жалбыз, жолжелкен (подорожник) мен түймедақ өсімдіктерінен 1 ас қасықтан алып, араластырыңыз.
2. Бір стақан қайнаған суға салып, қайнатыңыз.
3. Бұған бір шай қасық крахмал қосыңыз.
4. 5 минуттан соң сұйығын төгіп, қалған масканы бетке жағыңыз.
5. 30 минуттан соң салқын сумен жуыныңыз.
Бетіңіз майлы болса:
1. Кептірілген жалбыздың 2 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, қайнатыңыз.
2. Оны сүзіп алып, жұмыртқаның ағын қосып, біртектес қоспа болғанға дейін көпіршітіңіз.
3. Масканы 4 қабат етіп жағыңыз.
4. Әр қабатты алдыңғысы кепкеннен кейін жағу керек.
5. Соңғы қабаты кепкеннен кейін жылы сумен жуыныңыз.
Бетіңіз қалыпты болса:
1. Кептірілген жалбызды ұнтақтаңыз.
2. Оған зәйтүн майын 1:2 етіп құйыңыз.
3. Бұл қоспаны қараңғы, салқындау жерде 10 күн сақтаңыз.
4. Қолдану алдында жақсылап араластырыңыз.
5. Бетіңізді жуып, жұқалау етіп масканың 1 шай қасығынан алып, жағыңыз.
6. 20 минуттан соң жылы сумен жуыныңыз.
Лосьон жасау.
Бетіңіз құрғақ болса, жалбыз қайнатпасымен күніне екі рет жуынып тұрыңыз. Оны жасау үшін:
1. 2 ас қасық ұсақталған жалбызды 2 стақан ыстық сумен араластырыңыз.
2. Бәсең отқа қойып, 5 минуттай қайнатып алыңыз.
3. Қайнатпаны суытып, дәкеден сүзіп, салқындау жерде сақтаңыз.
Бетіңіз майлы болса, жалбыздан жасалған лосьонды пайдаланыңыз. Ол үшін:
1. 2 ас қасық ұсақталған жалбызды 2 стақан ыстық сумен араластырыңыз.
2. Бәсең отқа қойып, 5 минуттай қайнатып алыңыз.
3. Қайнатпаны суытып, дәкеден сүзіп алыңыз.
4. 2 ас қасық қырмызы тұнбасы, 4 шай қасық бор спирті мен 1 шай қасық лимон шырынын қосыңыз.
5. Салқындау жерде сақтап, кез келген уақытта бетіңізді сүртуіңізге болады.
Әрқашан сұлу болып жүре беріңіз, арулар!
Сурет: zdorov-info.com.ua
Оқи отырыңыз:
Пияздың денсаулыққа пайдасы бар ма?
Зат алмасуды тездететін табиғи рецепт
Сұлының көмегімен арықтайық