Жағажайға барарда қолдануға болмайтын beauty-құралдар

Жағажайға барарда қолдануға болмайтын beauty-құралдар
Фото: pixabay.com

Кей қыздар жағажайға барарда сауық кешіне дайындалғандай, макияж жасап, иіссу сеуіп барады. Соның себебінен тері күнге күйеді немесе жағымсыз дақтар пайда болады. Сондықтан, жағажайға барарда теріге жағуға болмайтын beauty-құралдарды ұсынамыз.

Парфюмерия. Жағажайға барарда жиі жіберілетін қателік – иіссу себу. Оның құрамындағы кей компоненттер терінің ультракүлгінге деген сезімталдығын арттырып, нәтижесінде терінің күйіп қалу қаупі бар.

Ретинол (А дәрумені). Жағажайға бармас бұрын күннен қорғайтын және күнделікті кремнің құрамында ретинолдың (А дәрумені) жоқтығын тексеріңіз. Бұл компоненті бар кремді теріге жаққан кезде ол күннің әсеріне өзінің химиялық қасиетін ауыстырып, тері ісігіне (рак) әкелетін потенциалды канцерогенге айналуы мүмкін.  

Тональді крем. Бет әрлеушілер тональді құралдардың барлық түрінен бас тартуды ұсынады. Бетке жағылған тональді крем күннің әсерінен ұсақ тесіктерге терең енетіндіктен, безеу мен бөртпе шығу ықтималдылығы бар.

Балауыздан жасалған көзге, қасқа және ерінге арналған қарындаштар. Балауыз қарындаштар жоғары температураға ери бастайды.

А. Жапатова