- Негізгі бет
- Сымбат
- Ивиан Саркос. Әлем...
Ивиан Саркос. Әлем аруының сұлулық құпиялары
Ивиан Саркос — әлем аруы титулына лайық деп танылған ару. Ол Лондонның намысын қорғады. Халқын жерге қаратпады... 22 жасар Ивианның көркіне сүйсінбеу мүмкін емес. Табиғатынан кез келген қыз сұлу болуы мүмкін, бірақ оны ұстап тұру мен күту әрбірінің қолынан келе бермейді. Үнді актрисасы бұл жеңіске оңайлықпен жете қоймаған. Сыртқы келбетінің сұлу болуына, оның күнделікті қабылдайтын тағамдары мен ойларының әсері зор. Woman.ru сайты оның сұлулық құпияларын жариялады.
Сыртқы сұлулықты іштен сақтап тұру үшін қандай тағамдарды қабылдау керек?
Ивиан Саркос: Сыртқы келбетіне қарап, адамның қандай асты қолданатынын пайымдауға болады. Осыны қатаң ұстанамын-дағы, ас мәзіріме тек денсаулыққа пайдасы бар тағамдарды қабылдаймын. Мәселен:
— Шаш сусылдап, әрі жылтырап көріну үшін үйрек немесе тауық етін пайдалану қажет. Сонымен қатар, шаш өсетін тамырдың түбі жұмыртқаның ақуызынан нәр алады. Адам шашын қамтамасыз етіп отырған бас терісі кератиннен тұрады. Кератинге ақуыз өте пайдалы болғаннан кейін, тағам рационында ақуызды молайтып отырған дұрыс. Банан, құлпынай, жұмыртқада мол мөлшерде биотин минералы бар, ол шаштың түсуінің алдын алып, шашқа жылтыр береді.
— Тіске кальцийдің пайдалы екенін көбі біледі. Өкінішке орай, арулар құрамында кальций бар тағамдарды көп қолдана бермейді. Кальций май мөлшері аз сүтті тағамдардың құрамында болады. Мысалы, майсыз йогурт, сүзбе немесе айран. Осы тағамдарды күнделікті пайдаланамын. Менің күнім міндетті түрде сүтті тағамнан басталады.
— Тырнақтар цинкті жақсы көреді. Ал цинк әр түрлі жаңғақтардың құрамында болады. Қазір көп арулар тырнақтарының дұрыс өспеуінен жасанды тырнақ жабыстырып әлек. Оның зияны көп. Өз тырнақтарыңыздың әдемі болуын қаласаңыз, шай тіскебасарына жаңғақтарды жеп отырыңыз.
Бидай өнімдерін аз мөлшерде, бірақ міндетті түрде қабылдаймын. Сүзбемен өмір сүремін. Ірімшік те асқазан жұмысын жақсарта алады. Қарнымда осы тағамдар болса, өзімді жақсы сезінемін, бойымда қуат болады. Ал арықтауға құмартқан қыздар бұл құнарлы өнімдерді пайдаланбайды-дағы, ашуланшақ болып, тері мен шашына зақым келтіреді. Ал тері, шаш, тырнақ — қыз баланың айнасы.
Woman.ru: Ал тәтті, бірақ ағзаға тигізер пайдасынан зияны көп асқа тәбет артып тұрса ше?
Ивиан Саркос: Бәріміз майлы әрі тәтті тағамдарды жақсы көреміз. Алға нақты мақсат қойып, оған жетемін дейтін қайсар мінезді арулар болса, бас тарта алады. Өзім осы қыздардың қатарынанмын. Мен балмұздақты қатты жақсы көремін. Бірақ оны жеуден бас тартамын, өйткені сырт пішінімде тәтті балмұздақтың ащы іздерінің болғанын қаламаймын. Оның орнына майсыз сүзбеден алдыртамын.
Сыртқы келбетті сұлуландыруға мамандардың бірнеше кеңесі:
1) Су ішіңіз. Күніне 8 стақан су кез келген диетаның принципі. Ауыз суы ағзадағы артық заттарды шығаруға көмектеседі. Сонымен қатар су асқазанды тойдырып, аштық сезімінен арылтады.
2) Қандай ас қабылдап отырғаныңызға мән беріңіз. Күнделік арнап, оған жазып отырудың зияны жоқ. Майлы тағамдарды шектеп отырыңыз.
3) Дүкенге барғанда, жартылай фабрикаттан өндірілген газдалған сусын, чипсы, шұжық сияқты өнімдер сатылатын бөлімге кірмеуге тырысыңыз.
4) Күнделікті қабылдайтын тағамды жиілетіп, бірақ қабылдау мөлшерін азайтқан дұрыс. Жұмысбасты ханымдар күнделікті бір-екі рет, бірақ тойғанша қабылдап жатады. Мұның кері әсері сыртқы мүсінде анық байқалады.
Woman.ru: Тері сұлулығын сақтап қалу үшін не істеу керек?
Ивиан Саркос: Ол үшін макорон, нан, печенье сияқты күнделікті қабылдайтын тағамдарды бидай өнімдерімен алмастыру қажет. Көп ұзамай тері рақметін айтады. Ал беттің құрғап кетпеуі үшін, бірнеше шақырым жердің қат-қабатынан келетін судың орнына қайнаған сумен жуынған артық. Цитрус жемістерінің теріге берер пайдасы да орасан.
Қыз баланың әдемілігі тек көзінде емес. Мүсіні, шашы, тырнағына дейін әдемі, бастысы таза болу керек. Менің барлық құпиям қабылдайтын тағамдарыма тікелей байланысты. Кейде итальян, қытай мейрамханаларына барып, сүйікті астан алдырып отыратыным бар. Бірақ мөлшерін көбейтпеймін. Бойжеткен шағымнан бері осы принципті қатал ұстанып келемін. Нәтижесіз қалмады, сан жылғы еңбегімнің арқасында «Әлем аруы» атандым.
Аударған: Айнара Байжан