- Негізгі бет
- Сымбат
- Иіссуды қалай жаққан...
Иіссуды қалай жаққан дұрыс?
Иіссудің хош иісі денеде ұзақ сақталуы парфюмерияның құрамына ғана емес, сонымен қатар оны денеге қалай жаққанға да байланысты.
Талғамға сай таңдалған хош иістің бірнеше тамшысы суық күндері жылытып, қапырық ыстықта сергітеді. Иіссу таңдаудағы және жағудағы басты қағида – жағдайға сәйкестендіру және ұстамдылық. Хош иіс сіздің келгеніңіз жайлы атойламай, айналаңызда әлсіз ғана сезіліп тұрса жақсы.
Иіссуды таза денеге жаққан абзал. Түрлі дезодоранттардың иісі парфюмерияңыздың нәзік ноталарын басып тастауы мүмкін, сондықтан антиперспиранттар таңдағанда қатты иісі шықпайтынын таңдаңыз. Көп қыздар иіссуды білекпен жағып, қателеседі. Оны саусақтың ұшымен нүктелі түрде немесе қақпағының тығынымен жағады.
Кішкентай бір тамшысын білегіңізге, шынтақтың бүгілетін жеріне, иығыңызға бір түртіп өтіп, құлағыңыздың бөбешігінің артына және кеудеңіздің жылғасына жағыңыз. Бұл жердегі теріден қан тамыры соғып тұрады әрі нәзік, жылы болып келеді. Иіссудың хош иісі нәзік, элегантты шлейфпен сізді бүркеп жүргендей болады.
Иіссу киімге теріс әсерін тигізуі мүмкін, сондықтан хош иісті жүн немесе теріден жасалған киімдерге жаққанда абай болыңыз. Иіссулар ашық түсті киімде майлы дақ қалдыруы мүмкін, сол себепті киімнің ішкі жағына жаққан дұрыс.
Дайындаған: Анар Мұстафина
Сурет: life-glamour.com
A. Mustafina