Көктемдей құлпырған қыз-келіншектердің сұлулығының бір құпиясы – иіссу.
Иіссуді таңдағанда білегіне жағылған тамшыны екінші білегімен үйкелеп жататын бикештерді дүкендерден жиі кездестіруге болады. Олар осылайша оның сапасын анықтауға тырысады. Алайда, бұл – қате әдіс. Өйткені, иіссу бірнеше қабатталған иістерден тұрады.
Оны үйкелегенде адам терісінің иісімен араласып, өзіне тән жұпар иісін жоғалтады. Иіссуді бүркіп, сәлден кейін барып, иіскеу керек. Себебі, аздаған уақыттан соң үстіңгі қабаты ұшып кетеді де, негізгі қабаты қалып қояды.
Кейбір иіссу көңіл-күйді көтереді, кейбірі керісінше. Сізге әтір таңдау туралы кеңестер қажет болса, сайтымызда бұрын жарық көрген мақаламызды оқи аласыз. Көп жарнамаланған әтір өз мақтауына сай болмай шықса, таңғалмаңыз.
Өзіңізге ұнайтын иіссу таба алмасаңыз, ерлердікін де көріңіз, мүмкін ұнап қалар.
Сонымен, өзіңізге ұнайтын иіссуды таптыңыз делік. Енді оны қалай жағу керек?
Нағыз әтірдің өзі тек 6 сағаттан астам уақыт қана сақталады. Ал сіз арнайы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жұпар иісіңіздің «өмір жасын» ұзарта аласыз.
Иіссуды төбесіне шашып, астына тұрып алатын немесе үстіне тұтас «құйып» алатындарды кездестіріп жатамыз. Бұл біріншіден, қасыңыздағы адамға жайсыз әсер етуі мүмкін. Екіншіден, иіссудың құрамындағы спирт шашыңызға зиян. Үшіншіден, көп себе бергендіктен, тез таусылады.
Бетіңізге ылғалдандырғыш иісмай жаққанда әтірдің себілетін орны болып саналатын құлағыңыздың арты мен мойныңызды ұмытпаңыз. Себебі, иісмайдың үстіне себілген иіссу ұзағырақ сақталады.
Кейде құрбыңыздың әтірі сізге ұнап қалып жатады. Алайда, өзіңіз соны сатып алып, жаққаннан кейін иісі әдепкіден басқаша секілді көрінеді. Бұның себебі бар. Әр адамның иісі әртүрлі. Сондықтан, иіссу денеге тигеннен кейін адамның өз иісімен араласып, өзінше басқа бір иіс береді.
Сурет: Наима Абилова
Оқи отырыңыз:
Сырт келбетімізге күтім жасауға көмектесетін құралдар
Иісмайдың зияны бар ма?
Әтірді қалай таңдау керек?
Далапты қалай таңдаймыз?