"Гидрофильді май" сөзін естігенде қарапайым өсімдік майымен байланысы бар секілді көрінеді. Сыртқы түрі де өсімдік майына ұқсайды: сары немесе түссіз түрлері бар. Кей өнімдер кенеттен әлем бойынша хитке айналады. Сол секілді гидрофильді май да бұрыннан болса да, соңғы бір-екі жылдықта кең таралып кетті. Ендеше, бұл өнім туралы не білу керек?
Гидрофильді май дегеніміз не?
Бұл бет терісін тазалауға арналған құрал. Гидрофильді маймен макияж сүртуге болады немесе тері бетіндегі және тереңдегі ластықты кетіруге болатын құрал ретінде қолдануға болады. Гидрофильді майлардың ерекшелігі – сумен өзара байланысу қасиеті. Басқа майларға қарағанда гидрофильді май ылғалды итермейді, керісінше онымен бірге араласып кетіп, жұмсақ эмульсияға айналады. Оның құпиясы – май негізіне қосылған беткі белсенді заттар.
Бет әрлеушілер гидрофильді майды қалың макияжды да жеңіл кетіретін қасиеті үшін ұнатады. Ал корейліктер мен жапондықтар оның тері тесіктеріне терең еніп, тарылтатын қасиетін бағалайды.
Азиялық марканың гидрофильді майы жақсырақ па?
Табиғи майлар мен майғындағыштардың қосындысын, яғни бір-біріне үйлесімсіз су мен майды "достастырған" неміс косметологы Михаэль Бабор болатын. Ол өз өніміне 1955 жылы тері күтіміне арналған құрал ретінде патент те алып алды. Содан соң бірнеше жыл өткен соң атақты голливуд бет әрлеушісі және шығу тегі жапондық Шу Уемура гидрофильді майдың өз нұсқасын шығарды: ол оның макияж сүртетін қасиетіне екіпн қойды. Сондықтан қандай да бір өнімді таңдарда оның еліне мән бермей, құрамына және өзіңіздің тері типіне байланысты таңдау керек.
Гидрофильді майдың артықшылығы неде?
Гидрофильді майға мицеллярлы судың немесе бут жууға арналған көбіктің тек аналогы ретінде қарау қателік. Бұл құралдың міндеті – берік әрі терең ластықты оңай жеңу. Мысалы, ол теріні қалың BB-крем мен макияждан тазартады, майлы терінің гидролипидті тепе-теңдігін қалпына келтіреді және сезімтал теріні демакияждың (макияж сүрту процедурасы) зақымдаушы әсерін төмендетеді.
Гидрофильді майды күнде қолдану немесе қолданбауды өзіңіз шешесіз. Өмір сүру қалпына байланысты ол күнделікті бьюти-процедураңыздың негізгі элементіне немесе ерекше жағдайларға арналған SOS-құралға айналуы мүмкін.
Гидрофильді майды қалай дұрыс қолдану керек?
1. Барлық май бірдей көз бен ерін сүртуге арналмайды, сондықтан оны сатып аларда сыртындағы нұсқаулығын оқып алыңыз.
2. Май да басқа күтім косметикалары секілді әмбебап емес. Сондықтан тері типін ескеруді ұмытпаңыз. Құралдың сыртынан қандай теріге арналғандығын оқыңыз.
3. Гидрофильді майды құрғақ қолмен құрғақ бетке жағып, массаждық қозғалыспен жай уқалайды. Содан соң гидрофильді май эмульсия текстурасына айналғанша тағы да су қолмен уқалайсыз.
4. Құрал қалдығын сумен жуып тастаңыз.
5. Көп жағдайда макияжды маймен кетірген соң, бет жуатын құралмен жуу ұсынылады. Ал кей түрлерінде екі фазалы жүйесі болады, ол кезде бетіңзді екінші рет жуудың қажеті болмайды.