Күнделікті тамақтың алдында 500 мл су ішетін болсаңыз, артық салмақтан оңай арыласыз. Бұл туралы Ұлыбританиядағы Бирменген университетінің мамандары айтты. Ғалымдар бұл қарапайым тәсілдің әсері күшті болатындығын да тілге тиек етті.
Олар алдымен тәжірибе жүргізген. Тәжірибеге семіздік ауруына шалдыққан 84 ересек адам қатысқан. Ғалымдар оларды 12 апта бойы бақылаған. Қатысушылардың 41-і тамаққа дейін 50 мл су ішіп отырған. Газдалған немесе тәтті су ішуге тыйым салған. Ал қалған 43 адам тамақ ішер алдында асқазанының толып тұрғанын елестеткен.
12 аптаның ішінде бірінші топтағы қатысушылар екіншілеріне қарағанда 1,3 кг салмақтан арылған. Жалпы су ішкендер 4,3 кг-ға артық арықтаған. Ал күніне 1 рет су ішкен қатысушылар 0,8 кг-ға арықтаған.
Артық салмақтан арылу үшін күнделікті нақты бір уақытта су ішіп отыру керек. Кем дегенде 3 рет. Бұдан өзге физикалық жаттығулардың пайдасы зор.
Ғалымдар тәжірибені көп адаммен жүргізіп көргілері келеді. Массаучусетс пен Гарвард университетінің студенттері салмақтан арылудың тағы бір тәсілін ойлап тапты. Ол туралы алдағы уақытта жазатын боламыз.