Француз қыздары неге семірмейді?

Әлемдегі ең тағам талғағыш француздықтардың дене бітімге байланысты бас ауыртатын мәселесі болмайды екен. Неге? Осы сұрақ жанына тыным бермей жүрген жандардың бүгін айы оңынан тумақ.

Сонымен, үнемі қалыпты дене бітімін сақтап қалу үшін француз қыздары не жасайды екен? 

Олар бәрін алдын-ала жазып қояды.

Француз қыздары алдын-ала 3 апта бұрын не жеу керек екендігін күнделігіне жазып алады. Бұл артық маймен күресудің бастамасы ғана. 

Олар пиязды артық маймен күресудің басты қаруы санайды.
Кез келген нәзік жанды ару "бірден азып кетсем ғой" деп ойлайды. Бәрін пияздан бастау керек. Пайдасы мол көкөніс зат айналымын жақсартады және 48 сағатта екі не үш келіден айырады. Оның дайындалу тәртібі былай: Бір келі көк пияз алыңыз да тураңыз. Шалқан алып оны қайнаған суға салыңыз. Пиязбен араласқан шалқанды су 20 минут тұрсын. 20 минуттан соң оны екі күнде екі сағат сайын ішіңіз. Егер мұндай суды ішуден жалықсаңыз, шалқанға зәйтүн майын қоссаңыз да болады. Тіпті лимон шырыны да артықтық етпейді.


Олар күнделігіндегі тамақтануға байланысты жазбаға жиі назар салып тұрады.

Жаны қалаған нәрсемен айналысады. Арзан әрі сапасыз өнімдерден қашады. Өнімнің жарамдылық мерзімі мен құрамына қатты назар аударады. Майлы тамақтан бас тартуға тырысады.

Олар - тамақ талғағыш.

Тағамға келгенде таңдағыштық қабілеттің болғаны дұрыс. Француз қыздары дүкеннен дайын өнімді сатып ала салғанша, таза еттен бифштекс жасап жегенді денсаулыққа тиімді санайды.Тәрелкедегі жарты тағамды аз-аздан жейді және күн сайын міндетті түрде 2 табиғи йогурт жеп тұрады. 

Олар фитнес-орталыққа бармайды.

Біздің ханымдардың санасында фитнес-орталыққа барып, терлеп-тепшіп жаттығу жасау арқылы азуға болады деген ой қалыптасып қалған. Ол рас қой. Бірақ біздер күні бойы аяқты аспаннан келтіріп жатамыз да барар жерімізге такси арқылы жетеміз. Француз қыздарынан айырмашылығымыз да осында жатыр. Олардың мұндай орталыққа баруға уақыты да, ықыласы да жоқ. Олар онсыз да күні бойы қозғалыста жүреді. Жаяу жүргенді ұнатады. Олар жұмыста лифт қолданбайды, керісінше, тепшекпен түсіп шығады. Осының өзі жаттығу емей немене? Таңертең тұра салып жаттығу жасайды. Демек француз қыздарына фитнес-орталықтың түкке де керегі жоқ.

Олар күнделікті өмірде қатаң стиль сақтайды

Француз ханымдары - жұмысбасты жандар. Сонда да олар сауда жасауға уақыт бөліп жаңа піскен көкіністерден тамақ жасап та үлгереді. Олар ешқашан жұмыстағы үзілісте дәмханаға барып тамақтанбайды. Өздерімен бірге салат не басқа да жеңіл тағам алып жүреді. Кешкі аста отбасымен қосылып тамақтанады. Олардың кешкі астары жеңіл болады. Әрине, нансыз! Картоптың орнына күріш жейді. Көкөністермен көп тамақтанады. Кешкі астан соң қанша шаршап тұрса, да тысқа шығып біраз жүріп қайтады. Оның маңыздылығы ерекше. 

Міне, сондықтан да біз француз ханымдарының арасынан толығын аз кездестіреміз. Мұнымызбен француз қыздарына еліктеуге бағдар беріп отырғанымыз жоқ. Тек жай ғана олардың сұлулығының сырын ашқызымыз келді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: shkolazhizni.ru