Теріңіздің бояусыз біртегіс, журнал мұқабасындағы қыздардыкіндей мінсіз болғанын қалайсыз ба? Төмендегі кремдер мен бальзамдардың көмегімен қалаған нәтижеңізге оңай жетуге болады.
Фотошоп әсері бар косметика дегеніміз не? Фотошоп сайттарында суреттің қажетісіз жерлерін өзгертуге арналған батырманың “blur” деп аталатынын білетін шығарсыз. Мінеки, дәл осылай фотошоп әсері бар косметиканың сыртында “blur” деген жазу бар. Оны жаққан кезде тері ылғалданып, дәл сәнбикенікіндей нәзіктікке ие болады. Блюр кремдерін BB кремдермен шатастырады. Алайда блюр түссіз, ал BB кремдер құрамы жағынан тональды кремдерге қатты ұқсайды. Оларды праймерлер деп атайды. Әдетте макияждың алдында жағылады. Кейбір праймерлер тональды кремнің үстіне жағылады. Фотошоп әсері бар кремдер праймерлермен салыстырғанда өте тығыз орналасады. Мұнымен қатар олар осы жылдың бьюти-трендіне айналуда.
Micro Blur Skin Perfector, Kiehl’s кремі
Porefessional, Benefit бальзамы
Nanoblur, Indeed Labs кремі
5 Second Blur Skin Renew Instant Smoother, Garnier кремі
Photo Finish, Smashbox праймері
Visionnaire 1 Minute Blur, Lancome кремі
Nude Magique Blur Cream, L’Oreal Paris кремі
Блюр кремдерден не күтеміз?
Теріміз алыстан да, жақыннан да әсем көрінуі үшін беттегі қара нүктелердің орнын тарылтады. Екіншіден, ең үлкен, ең кіші деген әжімдерді жасырады. Үшіншіден, беттің түсін біркелкі етеді. Осы қасиетінен кейін оның үстінен тоналды крем, опа жақпаса да болады.
Айтпақшы блюр кремдер терінің ерте қартайып кетпеуін қамтамасыз етеді, әжімдердің орнын жазады және бірнеше апта қолданғаннан кейін қара нүктелердің орнын бітейді.
Бірақ бір ғана блюр кремге сенім артудың қажеті жоқ. Оны тек күнделікті бет терісін күту рәсіміне қосып, маскалар мен тазартқыш құралдарды қатар пайдаланған жөн. Дәл осындай трендті өнімді пайдалану арқылы өзіңізге пайдалы тұсын таба аласыз. Оларды отандық косметика дүкендерінен таба аласыздар.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: cosmo.ru, Аяулым Ерғазының жеке парақшасынан