Суық күндер келген сәтте еріндер ылғалдығын жоғалтып, құрғап, қабыршақтанып, жарыла бастайды. Еріндердің саулығын қайтару үшін мына кеңестерді қолданыңыз.
А мен В дәрумендерге бай жаңғақтар, балық пен көкөністерді рационыңызға қосыңыз. Ерін жарылуының басты себебі осы дәрумендердің ағзадағы тапшылығы болуы мүмкін. Далада ерінді жалау әдетінен арылыңыз. Бұл еріннің қабыршақтануының басты себебі. Ерінге арналған қымбат бальзам мен далаптардың орнына, оған күнделікті қарапайым вазелин жағып жүріңіз. Оны саусақпенен ерінге жағып, артынан сулатылған орамалмен сүртіп тастаңыз. Ерінге арналған түрлі маскалар жасаңыз. Мысалы қәдімгі балды ерінге молынан жағып, бірнеше минутке қалдырыңыз. Мына масканың да әсері байқалады. Ірімшікке кілегей қосып, ерінге 10 минутқа жағып қойыңыз. Дауадан кейін ерінді сулы орамалмен сүртіңіз.Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: f-journal.ru