Далаптың бір сәтте көңіл-күйді көтеріп жіберетін қасиетін көбі байқаған болар? Бейнеңізді түрлендіру үшін міндетті түрде шаш үлгісін немесе гардеробты өзгерту қажет емес, бар болғаны далаптың реңкін өзгертсеңіз жеткілікті. Косметика алпауыттары тұтынушылардың көңілінен шығу үшін жылдар бойы жаңа текстуралар мен реңктерді шығарып келеді. Қазіргі таңда ерінге арналған лакты далап өзекті.
Ерінге арналған лак – бұл сөздерді оқығанда ойыңызға не келеді? Шашқа немесе тырнаққа арналған лакқа балама ретінде тұрақты және жылтыр бірдеңе елестейтін болар? Ерін жылтырағына ұқсас, алайда біршама қалың текстуралы. Негізінде бәрі сіз ойлағандай, тек пайдалану әлдеқайда жеңіл.
Ерінге арналған лак, басқаша айтқанда, лакты ерін далабы – бұл өте ыңғайлы және жайлы бір құтыдағы жылтырақ пен далап десек болады. Ерінге арналған жылтырақтар сияқты, лактар да аппликатор-спонжы бар құтыда болады. Олар ерінді жылтыратады және пайдалы қасиеттерімен ерінді күтіп-баптайды. Бірақ, ерінге арналған жылтыраққа қарағанда текстурасы біршама қалың және тұрақты қанық түске ие.
Лакты далап қалай пайда болды?
Ең алғашқы ерінге арналған лактар екі косметикалық алпауыт Lancôme мен Chanel-дің көпжылдық зерттеулерінің нәтижесінде 2009 жылы пайда болды. Олар кремдік текстураға тұрықты пигменттерді қосты. Шамамен бір мезетте олар La Laque Fever және Rouge Allure Laque далаптарын жарыққа шығарды.
Алайда бұл құралдар аса танымал бола қоймайды. Lancôme лагы тым жабысқақ болса, Chanel ерінді кептіріп тастайтын болды. 2010 жылы оларды жайлы және жарқын Rouge Allure Extrait de Gloss ерін лагы ысырды.
Қазірде ерінге арналған лактардың бірнеше түрі бар. Сол түрлеріне байланысты оларды үш топқа бөлуге болады.
Қалың жағылатын пигментті далап
Оларға Vernis à Levres Rouge Pur Couture Yves Saint Laurent ерінге арналған лагын, Laquer Rouge Shiseido жылтырақ далабын, Rouge G de Guerlain L’Extrait Guerlain крем далабын және осы сияқты басқа да далаптарды жатқызуға болады. Құрамындағы арган майы сияқты ылғалдандырғыш компоненттерінің арқасында олар ерінді жұмсартады және қоректендіреді. Қалың текстуралы болғандықтан жақсы және тегіс жағылады. Қою қанық түспен қамтамасыз етеді және жылтыр әсері ұзақ сақталады. Бұл әмбебап лактарды түсіне байланысты күндіз де, кешке де жағуға болады.
Vernis à Levres Rouge Pur Couture ерінге арналған лагы, Yves Saint Laurent
Қанық түсті жеңіл далап
Бұл топқа жаңа өнімдер кіреді. Олар ерінде тіпті сезілмейді: құрамындағы балауызды алмастырған су жағылған соң қанық түс пен жылтырағын қалдырып, бірден жоғалып кетеді. Олар барынша табиғи көрінеді. Бұл құралдар күндізгі макияж үшін тамаша жарасады, кешкі макияжды да ауырлатпайды, бірақ тым сезімтал теріні құрғатуы мүмкін.
Sephora Rouge Infusion сұйық ерін далабы, Sephora
Экстра-тұрақты далап
Бұл тұрақты ерін далаптарына жатса да, текстурасы лакқа келеді. Бұл далаптардың бір жағы велюр аппликатор арқылы тегіс жағылатын пигментті крем болса, екінші жағы – ерінді жылтыратуға арналған шашақпен жағылатын жылтырақ. Құрамындағы ұшпа-майлар мен эластомердің арқасында экстра-тұрақты, тіпті тамақ ішкенде де кетпейді және маңызды іс-шараларға тиімді.
Тұрақты ерін далабы Pro Longwear Lipcolour, M.A.C
Сурет: mangoosta.ru, ladytech.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина