Ғалымдар ер адамдарға ашық қызыл ерін далабын жаққан қыздар ұнамайтындығын дәлелдеген. Міне, қызық. Бұл қара тізімге бірнеше реңктер енген. Егер жеке өміріңіз әлі де құрылмаған болса, ерін далабының кей түстерінен аулақ болуға кеңес береміз.Ер адамдар қыздың мүлдем ерін далабын қолданбағанын немесе табиғи түске жақын реңкті ұнататынын ескеріңіз. Мысалы, нәзік алқызыл немесе алқызыл-сарғыш. ҚызылҚызыл ерін далабынан басқа, қара тізімге оның барлық қою реңктері енген: шарап, қою қызыл, қызыл күрең, жидекті қызыл. Алқызыл фламингоФуксия, қанық алқызыл (оны Барби түс деп те атайды) реңктері барлық қыздарда бірдей әдемі тұрмайды. Оны күнделікті макияжға емес, қандай да бір тақырыптық кешке ғана қолданған жөн. ҚараҚара немесе күлгін түсті ерін далабы сәнді болып саналғанмен, ол ер адамдарға ұнамайды. Сондықтан, егер серігіңізді жолықтырғыңыз келсе, бұл реңктерді ысырып қойыңыз. Қып-қызыл (коралловый) рифЕр адамдарда бәрі қарапайым: олар үшін қызыл, көк, сары және т.б. секілді нақты түстер ғана бар. Сондықтан олар бұл түсті де жоғарыда айтылған қызылға жатқызады. ЖылтырҚазір ірі жылтыры бар немесе голографиялық әсері бар ерін далаптары сән шыңынан орын алды. Алайда мұндай ерінмен күнделікті өмірде жүру өте ерсі көрінеді.