Эпиляция жасаудың үздік тәсілдері

Тегіс аяқтарға жету жолында барлық амал жақсы. Біз сіздерге ең қолайлысын ұсынамыз!

1. Ұстара


Артықшылығы – оңай, тез және еш ауыртпайды. Әрине, қауіпсіздік ережелерін ұстану маңызды. Алдымен теріні дайындап алу керек – қылшықтарды жұмсарту үшін қырынуға 2 минут бұрын арнайы көпіршік немесе душқа арналған қарапайым гельді жағып алыңыз. Ұстараны қатты баспай, түктің өсуіне қарсы бағытта, астыдан үстіге қарай жеңіл қимылдар жасаңыз. Қырынып болған соң теріге міндетті түрде ылғалдандыратын крем жағу керек.

Кемшілігі – түк 3-ші күні-ақ қайта өсе бастайды, сол себепті жиі қырынуды қажет етеді.

2. Сымсыз электроұстара


Артықшылығы – жол жүргенде өте пайдалы, қырынуға арналған көпіршік немесе су керек деп бас ауыртпайсыз. Теріні құрғатпайды. Қолдану техникасы ұстараға ұқсас.

Кемшілігі – батареясы екі аптаға ғана жетеді.

3. Крем-депилятор


Артықшылығы – аяқ жүнін қауіпсіз қырқатын әдіс, өйкені аяқты тіліп алу қаупі мүлде жоқ. Түктер 5-ші күні шыға бастайды, өйткені ұстараға қарағанда депилятор терінің бетіндегі жүнді ғана емес, терінің астыңғы бөлігін де қырады.

Кемшілігі – сезімтал теріге жарамайды, тері бөртуі мүмкін.

4. Электрлі эпилятор


Артықшылығы – жаңа түк 1,5-2 аптадан кейін пайда болады. Эпилятордың әрекет ету принципі – көптеген қысқаш түктерді тамырымен бірге жұлады, сол себепті жүн баяу өседі. Теріні тіліп алу қаупі жоқ. Эпиляторды душтан кейін, тері буланып, жұмсарып тұрғанда және жатар алдында қолданған жөн. Таңға дейін қызарғаны басылып, тері тегіс, әдемі болады.

Кемшілігі – терісі сезімтал, жұқа қыздарға эпилятор жарамайды. Тері тітіркеніп, қызаруы мүмкін.

5. Балауыз жолақтары


Артықшылығы – түкті тамырымен қырады, сондықтан апта бойы аяғыңыз тегіс болып жүреді. Эпиляция алдында теріге арналған ешқандай құрал жақпағаныңыз дұрыс. Крем жұқа майлы қабат тудыратындықтан түкті біртекті қыруға кедергі келтіреді.

Кемшілігі – бұл да терісі сезімтал қыздарға жарамайды.

Сурет: ellegirl.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина