Еңлікті пайдалана отырып, тартымды макияж жасауға болады – ең бастысы оны дұрыстап жағу керек. Шебер қолдардың арқасында еңлік үлкен көмекші бола алары анық. Ол бет пішінін түзеп, ажарын аша түседі. Төмендегі нұсқауларды орындау арқылы мінсіз макияжға қол жеткізуге болады.
Текстурасына мән беріңіз. Егер бет теріңіз құрғақ болса, крем текстуралы еңлік пайдаланыңыз. Опа негізінде жасалған еңлік әркелкі бет терісі үшін, ал гель-еңлік – майлы бет терісіне жарайды. Жақсы жаққыш таңдаңыз. Егер еңлігіңіз опа негізінде жасалған ашық түсті болса, тегіс жаққыш қолданыңыз. Ал кремді және гель тәрізді еңліктерді саусақтармен жаққан дұрыс. Макияждың астына негіз жағыңыз. Еңлік тегіс жатсын десеңіз, терінің кемшіліктерін тегістеп алыңыз. Алдымен опа жағыңыз. Сол кезде еңлік жақсы жағылып, ұзаққа шыдайды. Егер әдетте опа қолданбайтын болсаңыз, онда тек бет сүйектеріне ғана жағыңыз. Макияж күні бойы жақсы ұсталсын десеңіз, алдымен крем тектес еңлікті жағып, әбден сіңгенше күтіңіз. Сосын біраз ашық түсті пудра жағыңыз, кейін барып бәрін үгілген еңлікпен аяқтаңыз. Еңлікті дұрыстап жағыңыз. Оны алдымен бет сүйегіңіздің дәл үстіне жағып шекеңізге қарай жаққышпен жақсылап жағу керек. Өз түсіңізді дұрыстап таңдаңыз. Теріңіз ашық болған сайын еңлік те ашық болуы керек. Әппақ қыздарға қызғылт түстер, ақшыл қыздарға – шабдалы түстес, ал қараторы қыздарға қоңырлау алтын түстер сай келеді.Сурет: laragazza.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина