- Негізгі бет
- Сымбат
- Еңлікті дұрыс жағудың...
Еңлікті дұрыс жағудың 7 ережесі
Еңлікті пайдалана отырып, тартымды макияж жасауға болады – ең бастысы оны дұрыстап жағу керек. Шебер қолдардың арқасында еңлік үлкен көмекші бола алары анық. Ол бет пішінін түзеп, ажарын аша түседі. Төмендегі нұсқауларды орындау арқылы мінсіз макияжға қол жеткізуге болады.
- Текстурасына мән беріңіз. Егер бет теріңіз құрғақ болса, крем текстуралы еңлік пайдаланыңыз. Опа негізінде жасалған еңлік әркелкі бет терісі үшін, ал гель-еңлік – майлы бет терісіне жарайды.
- Жақсы жаққыш таңдаңыз. Егер еңлігіңіз опа негізінде жасалған ашық түсті болса, тегіс жаққыш қолданыңыз. Ал кремді және гель тәрізді еңліктерді саусақтармен жаққан дұрыс.
- Макияждың астына негіз жағыңыз. Еңлік тегіс жатсын десеңіз, терінің кемшіліктерін тегістеп алыңыз.
- Алдымен опа жағыңыз. Сол кезде еңлік жақсы жағылып, ұзаққа шыдайды. Егер әдетте опа қолданбайтын болсаңыз, онда тек бет сүйектеріне ғана жағыңыз.
- Макияж күні бойы жақсы ұсталсын десеңіз, алдымен крем тектес еңлікті жағып, әбден сіңгенше күтіңіз. Сосын біраз ашық түсті пудра жағыңыз, кейін барып бәрін үгілген еңлікпен аяқтаңыз.
- Еңлікті дұрыстап жағыңыз. Оны алдымен бет сүйегіңіздің дәл үстіне жағып шекеңізге қарай жаққышпен жақсылап жағу керек.
- Өз түсіңізді дұрыстап таңдаңыз. Теріңіз ашық болған сайын еңлік те ашық болуы керек. Әппақ қыздарға қызғылт түстер, ақшыл қыздарға – шабдалы түстес, ал қараторы қыздарға қоңырлау алтын түстер сай келеді.
Сурет: laragazza.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina