Еңбек демалысынан кейін адам ағзасы күйзеліске түседі. Өйткені, ұзақ уақыт бойы белсенді болмаған ағзаның бірден жұмысқа кірісіп кетуге зауқы соқпайды.
Оның үстіне күн сәулесі мен теңіздің тұзды суы әсерінен тері мен шаш құрғап кетеді. Демалыстан кейін қысқа мерзім ішінде қалыпқа келу үшін арнайы күтім қажет. Бұл күтім түрлері ағзаны күйзелістен арылтады. Біз ұсынып отырған әдістер шаш пен теріні қоректендіріп, олардың ылғалдылығын арттырады.
Сіз демалыстан жүзіңіз жайнап, бір сергіп қайтсаңыз да, теріңіз бен шашыңыз ондай жағдайда болмауы әбден мүмкін. Теңіз жағасында уақыт өткізу барысында теріге жел мен күн сәулесінің әсері зор болады. Ол тіпті әжім түсуіне де ықпал етеді.
Қалпына келтіруші күтім мына сатылардан тұрады: Тері мен шашты арнайы тазалаушы сұйықтықтармен жуу, массаж қабылдау, ылғадандырғыш гель жағу. Тері мен шаш күтімін аптасына 1-2 рет жасау керек.