Қартаю процесінен ешкім қашып құтыла алмайды. Десе де, өзімізге күтім жасау арқылы бұл процесті баяулатуға болады. Біз әдетте бет-әлпет күтіміне немесе дене сымбаттылығына аса мән береміз. Алайда жылдам қартаятын дене мүшелері бар. Олардың алдын алу үшін не істеу керек?
Мойын мен кеуде тұсы
Бірінші кезекте мойын мен кеуде тұсы терісі қартаяды. Бұл көпшілік үшін әлсіз жер, себебі мойынды, әсіресе, жылы мерзімде жасыру қиын. Жас ұлғая келе мойын майлы қабатты аз жинайды. Ал кеуде тұсы агрессивті күн сәулесіне, күйзеліске және зиянды әдеттерге әсер береді. Егер бұл ең нәзік дене бөліктеріне күтім жасамаса, жас ұлғая келе ол жерлердегі тері созылып, әжім пайда болады.
Не істеу керек?
Бұл жағымсыз салдардың алдын алу үшін мойынға күтімді 35 жастан бастау керек. Мойынға күтімді бетке секілді жасау керек: тазарту, ылғалдандыру, қоректендіру. Қоректік кремдер, массаж, дәрумендер, күннен қорғау – бұлар мойын терісі жастығына қажет нәрселер.
Қол
Қол – адам денесіндегі ең еңбекқор дене мүшесі. Біз оны өте жиі қолданамыз. Қол терісі жас ұлғая келе қабыршақтанады, құрғайды және әжім пайда болады. Әйелдердің көпшілігі қол күтіміне аса мән бермей, арасында ғана крем жағады. Алайда әйелдің күтімсіз қолы оны үлкейтіп көрсетеді.
Не істеу керек?
Базалық күтімнен бастаңыз – жүйелі түрде ылғалдандыру және қоректендіру. Бұл мақсатта зәйтүн майы мен глицеринді қолдануға болады. Сондай-ақ қол жастығын сақтау үшін қолға және саусақтарға жаттығу жасау керек. Жоғарғы тері қабатын жаңарту үшін пилинг жасау керек, бірақ бұл процедураны жиі жасау ұсынылмайды. Әрқашан өзіңізбен бірге қолға арналған ылғалдандырушы крем жүру керек.
Тізе
Біздің аяғымызға, әсіресе тізеге өмір бойы жүктеме түседі. Оған қоса, тізенің терісі нәзік. Жас ұлғая келе тізеде көптеген тартымсыз әжім пайда болады, ал бұл жердің терісі созылып кетеді.
Не істеу керек?
Әдемі тізе тек сау аяқта болады. Варикоздық түйіндер, майтабан және омыртқа проблемасы аяқ терісінің қоректенуін бұзады және тізе буындарының өзгеріске ұшырауына әкеледі. Сондықтан 5-6 см-ден биік аяқкиім кимеуге тырысыңыз. Ыңғайлы аяқкиім, ұзақ жаяу серуендеу, отырыңқы жұмыс кезінде жаттығу жасау, босаңсытатын массаж – тізе жастығының кепілі. Тізеге крем жағып тұрыңыз және құрамында кальцийі бар өнімдер жеңіз.