Еліктің лағындай Одридің 7 құпиясы

Еліктің лағындай Одридің 7 құпиясы
Фото: vk.com

Еліктің лағындай сүйкімділік. Нәзіктік. Хас сұлулық. Иә, Одридің суреттерін көрсеңіз еріксіз тамсанасыз. Көркем кейпімен қоса, адами бейнесімен барша жаһан жұртшылығының есінде қалған Одри Хепберннің сұлулық сырларын жадыңызда сақтай жүріңіз, оқырман.

1. Ернім әдемі болсын деген аруымыз тек жылы сөздер айтуы керек.

2. Көзім әдемі болсын десеңіз — адамдардың жақсы жақтарын көре біліңіз.

3. Сыртқы пішінім сымбатты болсын десеңіз — аш-жалаңаштармен тамағыңызды бөлісіңіз.

4. Шашым әдемі болсын десеңіз — күніне бір рет сәби саусақтарымен сипатыңыз.

5. Өзіңізге сенімді болу үшін мына әлемде өзіңіздің жалғыз емес екеніңізді біліңіз.

6. Адам өзін сергек сезіну үшін өзін өзгелердің кешіргенін, мақтағанын, көтермелегенін, сүйгенін қалайды. Ендеше сіз де біреуге қажетсіз. Өміріңізден ешкімді "лақтырып тастамаңыз".

7. Әйел затының әдемілігі оның киген киімінде немесе оның сымбатында һәм шаш үлгісінде де емес. Әйел әдемілігі — оның көздерінде, өйткені көз оның махаббатқа толы жүрегіне апарар бірден бір жол.


А. Оралқызы