ЭКО косметика

Ұзақ жылдар бойы жас көрініп, теріңіз бен шашыңыздың жарқырап тамаша көрінгенін қаласаңыз, пластикалық хирургияның көмегіне жүгініп не қымбат косметикалық дауаларды істеудің қажеті жоқ. Қазіргі кезде әлем бойынша құрамында тек табиғи өнімдер бар косметика күннен-күнге танымал болып келеді. "ЭКО" деген белгісі бар бұл өнімдер қымбат емес, сондай-ақ табиғи таза құрамдас бөліктерден жасалады. 

Табиғи косметиканың әмбебап негізі ретінде сүт және сүт өнімдері - йогурт, қаймақ, ірімшік және қатық қолданылады. Олардың құрамында қоректендіргіш заттар - дәрумендер, минералдар, бифидо және лактобактериялар бар, сол себепті тері күтімі бойынша бұл өнімдер қымбат косметикадан артық болмаса, кем емес.  Дене және бет терісін керек деңгейде күтеді.  

Табиғи өнімдерді тері күтімі үшін пайдалану тез арада терідегі су балансына қол жеткізуге мүмкіндік береді екен. Сондай-ақ оларды қосымша құрамдас бөліктермен, мысалы, дәндер, бал қосып қолдануға болады.

Бір жағынан ЭКО косметика апаларымыз қолданған маскалардың жалғасы десек те болады. Өсімдік майы, бал, қаймақ негізінде жасалатын маскалар қазір де үлкен сұранысқа ие. Ал 19-ғасырдың соңында пайда болған жасанды косметикалық өнімдерге сақталу мерзімін ұзарту мақсатымен химикаттар мен әртүрлі қоспалар қосылды. Кейін, бұл синтетикалық заттар ағзада жиналып, адамда аллергия және басқа да аурулардың бастамасы болатыны дәлелденді.

ЭКО косметика үлгілеріне көз жүгіртіңіз.

Алунит

Табиғи дезодорант. Алунит кристаллы – 100% табиғи өнім. Ол Оңтүстік шығыс Азияның таулы-жанартау қалдықтары. Ағзаға еш зиян емес, үйреншікті дезодоранттар сияқты құрамында алюминий хлоргидрат, эмульгаторлар, спирт жоқ. Табиғи антибактериалды қасиетке ие алунит, жарнамадағыдай теріңіздің құрғақтығын 24 сағатқа қана емес, одан да ұзаққа сақтайды.  


Сабын жаңғақтары

Сабын жаңғақтары (Сапиндус Трифолиатустың кұрғатылған дәндері)  - экологиялық таза, табиғи, шаш жууға арналған әмбепеп құрал. Сондай-ақ бұл жаңғақтармен үстіңізді де, киімді де жууға болады. Сабын жаңғақтары - дөңгелек, диаметры 1 см болатын қоңыр түсті сабын ағашының (сапиндус) жемісі. Аллергия мен ауруларға алып келмейтін бұл өнім терінің қорғаныш қасиетін жақсы сақтайды. 


Чермигит

Табиғи дезодорант. 100% табиғи, түссіз мөлдір тұз кристалы. Ғылыми аты - Ammonium Alum. Алунит сияқты қазіргі дезодаранттармен бәстесе алады. 

Табиғат - Жер бетіндегі барша тірі ағзаның қайнар көзі. Сондықтан табиғи өнімдерден жасалынған ЭКО косметика химикаттар қосылған жасанды косметикадан үстем болды. 

Естеріңізде болсын осындай табиғи косметиканың сыртында әрдайым БИО деген таңба тұрады. Сондай-ақ БИО косметика қорабында оның құрамдас бөліктеріне толықтай сипаттама беріледі. 

Суреттер ecology.md, ekonadom.ru сайттарынан алынған.