Екінші иектен арылам десеңіз...

Екінші иек тек жасы есейген әйелдерде ғана емес, жас қыздарда да пайда болып жатады. Оның пайда болуы үшін артық салмақтың болуы, не тамақтың артық желінуі керек емес. Егер сізде екінші иек пайда болса, уайымдамаңыз. Мына жаттығуларды орындап, одан жақын арада арыласыз.

Бұл жаттығулар топтамасын күніне 5 рет қайталап жасап тұру керек.

1. Басыңызды бірінші сол жаққа, кейін оң жаққа айналдырыңыз.

2. Басыңызды солға, кейін оңға сілкіп бұрыңыз.

3. Басыңызды сол иыққа, кейін оң иыққа қарай еңкейтіңіз. 

4. Ерініңізді түйіп солға, кейін оңға жылжытыңыз.

5. Ерініңізді түйіп, бірдеңені шайнағандай болыңыз. Иек терісінің созылғанын қадағалаңыз. 

6. Ауызды кішкене ашып, астыңғы жақты алдыға шығарыңыз. Мойын бұлшық еттері созылып тұрғанын сезіну керексіз. Осылайша бірнеше секундқа қатып қалыңыз. 

7. Алақандарыңызбен желкеңізден ұстап, саусақтарыңызды бір-бірне бекітіңіз. Басыңызды күштеп артқа лақтыруға тырысыңыз. Алайда қолдарыңызбен оған қарама-қарсы күш көрсетіңіз. Басыңыз қимаылдамайды, ал мойын бұлшық еттері қатты созылып тұрады. Осылайша 5 секундқа қатып қалып, кейін мойыныңызды босаңсытыңыз. Жаттығуды 10-15 рет қайталаңыз.

8. Алақаныңызды оң самайыңызға қойып, басыңызға 5 секунд бойы қатты басып тұрыңыз. Кейін сол жақтан қайталаңыз.  Мойын бұлшық еттерінің созылуына байланысты бас жылжымай бір орында тұрады. Әр жақтан 10-15 рет қайталаңыз. 

9. Енді пайда болған екінші иекті алақанның сырт жағымен  ұрғылап кетірсе болады. Бұл шапалақтардың саны 50-ге дейін баруы тиіс. Тері мұндай жаттығудан кейін қызарады.

10. Бас және саусақ бармақтардың көмегімен иек терісін шымшыңыз. Шымшықтарды екі қолыңызбен иектің орта тұсынан сырт жақтарға қарай бағыттаңыз.

Сурет:vse-sekrety.ru