- Негізгі бет
- Сымбат
- Ежелгі халықтардың сұлулық...
Ежелгі халықтардың сұлулық сырлары...
Сұлулық үшін құрбандыққа барған халықтар мен әйгілі тұлғалар аз емес...
Ерін далабы пайда болғанға дейін, қыз-келіншектер кошениль атты пастаны қолданған. Бояу өзі жасалатын құрт-құмырсқаның атымен аталады екен. Сондай-ақ, одан алғашқы далаптың өзін де істеген. | |
Қытай, жапон және вьетнам арулары ХХ ғасырдың ортасына дейін тістерін қара түске бояған екен. Бұл бояу өте улы болғанына қарамастан, тісте бірнеше жыл бойы сақталған. | |
Қабаққа арналған бояу алғашында медициналық мақсатта пайда болды. Ежелгі Мысыр тұрғындары оны конъюнктивит пен басыр атты көз ауруларынан сақтану үшін қолданған екен. | |
Орта Азияда бірімен-бірі қосылған қалың қастар сұлулықтың белгісі болған. Сондықтан жастайынан қыздар қастарын усьмамен біркелкі қылып қосатын. Усьманың шаш өсуіне көмектесе алатын қасиетін білгендер осылайша қастың қалың болып өсуіне көмектесетін. | |
Ежелгі Мысырда қыздар шаштарының арасына май тілімдерін салып жүрген екен. Неге дейсіз ғой? Ыстық күннің астында май еріп, шаш біркелкі жылтыр болатын. Бір уақыттан кейін, Мысырда тіпті тақыр басты әйелдер сәннің нышанына айналды. | |
Көпшілік викингтерді кір, лас халық деп ойлайды. Алайда викинг сәнқойлары ашыған майды шаш сәндеу сұйықтығы ретінде қолданып, жарқын түсті киімдер киіп, ерекше әшекей бұйымдарын тағып, әдемі ішіктерді киген екен. | |
XVIII ғасырда еуропалық сұлу қыздар қастарын түгелімен қырып алып тастап, оның орнына тышқан терісінен жасалған жасанды қастар жабыстырған екен. | |
I Елизаветта бетін сірке суымен сүртіп, қорғасын бояуын жағып, бетіндегі шешек ауруынан қалған дақтарды жасырған. Сондай-ақ, беттерін шәлімен жауып, кәрілігін көрсеткісі келмеген екен. | |
Өздерінің сұлулығына көп көңіл бөлетін қытайлық ер кісілер екен. Олар жасанды мұрт қойып, маңдайындағы шаштарын қырып, оны үлкен етіп көрсеткісі келген. Сондай-ақ, қытайлық жауынгер жігіттер қастарына сүрме жағып, өз келбетіне қорқынышты көрініс бергісі келген деседі. |
Қазір сұлулықтың осындай сырларын қолданар ма едіңіз?
Суреттер: istmira.com, wikipedia.org, birdgirl.org, privet.r,u europe-costume.ru, calend.ru.
С. А