- Негізгі бет
- Сымбат
- Дұрыс тамақтану тәртібі...
Дұрыс тамақтану тәртібі
Қазір көпшілігі денсаулығына жіті мән беріп, сыртқы келбеттің мінсіздігіне ұмтылып жатыр. Дұрыс тамақтану тәртібімен таныстырып, қадағалап отыратын мамандарға, кей қарапайым адамдарға да ақы төлеп жатады. Оның пайдалы жері біреуге есеп беріп отыратындықтан, көзтоймастықты жеңу оңайлайды. Онсызда өз-өзіңізде жеңуге қауқарлы болсаңыз, дұрыс тамақтанудың ережелерін біліп жүріңіз.
– Күн сайын ұйқыдан тұра сала 200-300 мл жылы су ішу.
– Тағамды көмбештеу (запекнаие), қайнату, бұқтыру әдістерімен буда дайындау.
– Күніне аз-аздан бес рет тамақтанып, соңғысында ұйықтардан үш сағат бұрын тек көкніс пен жеміс жеу.
– Адам неше килограм тартатын болса, күніне сонша грамм ақуыз жеуі керек.
– Жартылай дайын өнімнен, тез даярланатын тағамнан (фаст фуд), газды сусыннан, тәттіден, шұжық өнімдерінен, қалбырдағы тағамдардан, чипстерден түбегейлі бас тарту. Мейлінше үйде әзірленетін тағамдармен ғана азықтану.
– Тұзды өте аз мөлшерде салу.
– Күніне 2 литрден артық су ішу. Әр тамақтанардан 30 минут бұрын 1 стақан су ішу.
– Көмірсулы тағамдарды түске дейін, ақуызды тағамды түстен кейін жеу керек.
– Тек зәйтүннің, авокадоның, жаңғақтың, балықтың құрамында болатын секілді жартылай қаныққан майлар пайдалануға ғана рұқсат етіледі.
– Күн сайын бір уақытта тамақтану. Тамақ жеген кезде басқа іспен (теледидар, телефон) шұғылданбау. Мұқият, асықпай шайнау.
Осы қағидаларды сақтанып көріңіз, нәтиже қуантады.
@. @assel_assanova