Дұрыс макияж — әдемі суреттің кепілі

Дұрыс макияж — әдемі суреттің кепілі
Фото: Юрий Олейников, Диас Канапьянов

Түскен суретіміз әдемі болып, көпшіліктің назарына іліксін десек, макияжды да дұрыс жасай білуіміз қажет. Кезекті материалымызда суретті фотошоппен өңдемесек те, әдемі болып көрінуге көмектесетін макияж туралы жазамыз. 

Суреттер, өкінішке орай, біздің тұла бойымыздағы артықшылықтармен қатар кемшіліктерді көрсетеді. Кемшіліктеріміз алыстан түсірілген суретте көрінбесе де, тек басымызды түсірген суреттерде анық байқалады. Мұндайда макияж көмекке келеді.

Реңк

Күнделікті тұрмыста реңк беруші крем жаға бермейміз. Десе де суретке түсер кезде бар кемшілігімізді жасыруымыз керек. Мұнымен қатар, фотоаппараттың бетіміздегі барлық безеу мен дақтарды анық көрсететінін ұмытпайық. Сондықтан BB-кремді таңдауыңызға болады. Ол жеңіл жағылатынына қарамастан, барлық кемшілікті жақсылап жасырады. Ал безеулер мен көгерген жерлерді міндетті түрде корректордың көмегімен жасыру қажет. Ең соңында үстінен ұнтақталған опа жағамыз.

Қас

Бет пішінін айқындай түсі үшін, ең алыдмен, қастың пішінін ретке келтіреміз. Бар мәселе әдемі қастың көзге бірден ілігіп, беттің кемшіліктерін жасыратындығы мен бет пішінін айқындай түсетіндігінде.

Көз

Көп адамның тәжірибесіне сүйенсек, қоңыр түсті қабақ бояуымен боялған көз суретте әдемі көрінеді екен. Дұрыс жаға білсек, қоңыр түсті қабақ бояуы көз көлемін ұлғайтып, табиғи сұлулығымызды көрсетеді. Кірпіктерді де көлемін ұлғайтатын сүрмемен бірнеше рет бояу қажет.

Жақ сүйектері

Камера кемшіліктеріміз бен артықшылықтарымызды айқындап қана қоймай, макияждың тең жартысын жасырып қалады. Суретке бозарып түсіп қалмас үшін, жақ сүйектеріңізге мән беріңіз. Нәзік алқызыл, табиғи ақшыл сары сынды түстер сай келеді.

Ерін

Ерін макияжы үшін күңгірт түсті далаптарды таңдаңыз. Құрамында жылтыры болмағаны жөн. Және далапты жақпас бұрын астына бальзам жағыңыз.

Жүзіңіз суретте әдемі көрінсін десеңіз, оны үнемі тазалап отырыңыз. Жеміс-жидектен, көкөніс пен балшықтан маска жасаңыз. Ал әзірге іске сәт дейміз!

Қ. Бүйенбай