Бүгінде әрбір адамның стилі, образы джинсымен байланысты болғанына қарамастан, көбі осы бір танымал киімнің қайдан, қалай шыққаны жайлы біле бермеуі мүмкін. Сондықтан қазақтар да ұнатып киетін джинсы жайлы бірнеше дерек ұсынбақпыз.
1. Джинсы ұзақ уақыт ауыл тұрғындарының жұмыс киімі ретінде саналып келген. Бірақ Джеймс Диннің фильмінен соң, ол кеңінен танымал болған. Содан бері джинсы әрбір адамның өз образының маңызды бір бөлігіне айналды.
2. 1950 жылы джинсы киген жастарды сабақтан шығарып, театрға немесе мейрамханаға кіргізбейтін болған.
3. «Деним» сөзі француз тіркесін қазақ тіліне аударғанда, «нимдік астарлық мата» дегенді білдіреді. Ним – бұл үлкен көлемде тоқыма мата өндірумен айналысатын шағын француз қаласы.
4. Бір мақта теңінен 200 джинсы жасалады екен.
5. Алғаш рет джинсы XVI ғасырда пайда болған, ал денимнің ресми туған күні – 20 мамыр.
6. XIX ғасырдың 60 жылдары АҚШ-та джинсы «бос шалбар» деп аталды.
7. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, америкалық әскерлер қызметтен бос уақыт кезде джинсы киюді ұнатқан екен және денимді жергілікті тұрғындарға қуана-қуана сататын болған. Осылайша джинсы Еуропада да танымал болды.
8. Орташа есеппен алғанда, әрбір америкалықта 7 джинсыдан бар екен.
9. Денимнен жасалған кең тігілген шалбарлар алғаш рет 1817 жылы америкалық флотта пайда болды. Теңізшілер олармен палубаны жуған.
10. Әлемдегі ең қымбат джинсы 60 000 доллар тұрады – ол 1951 тігілген 501 Levi Strauss & Co. Оны 2005 жылы жапондық коллекционер дәл осы сомаға сатып алыпты.
11. Әлемдегі ең ұзын джинсыдың ұзындығы – 68 метр, ал ені – 35 метр. Ол үш тоннаға тартады.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: colourbox.dk