Өз дене бітіміне бейжай қарамайтын арулар дұрыс тамақтану рационын ұстанып, спорттық жаттығулар жайлы да ұмытпайды. Ал осы істерде оларға көмекке заманауи гаджеттер келе алады.
Ақылды шанышқылар
Тамақты барынша азырақ жеп, асқазанға ауыртпашылық түсірмеу үшін мамандармен талай айла ойлап табылды. Диеталарды былай қойып, тамақтанатын тәрелкелер мен қасық-шанышқыларды қарастырайық. Қазірде көптеген батыс жұлдыздары балаларға арналған кішкентай тәрелкелер мен кішкентай қасықтарды қолданып тамақтанады екен. Немесе үлкен тәрелкеге тамақтың кішкене ғана мөлшерін салып, осылайша миды алдайды (тәрелке үлкен, демек тою керекпін деп ойлайды).
Ал техниканың дамуы бұл мәселеге өзінің шешімін ұсынып отыр. Hapilabs Hapifork шанышқыларындағы арнайы индикатор сіз артық тамақтанғанда белгі береді. Естеріңізге сала кетсек, тамаққа тойдым деген белгі асқазаннан миға дейін 20 минутта ғана жетеді. Ал осы уақытта артық жеп қоюымыз әбден мүмкін. Ақылды шанышқы сіздің тамақтанып отырған уақытты, мөлшерді, әр жұтым арасындағы уақытты есептей отырып, тамақтануды қашан аяқтау керектігі жайлы шешім жасайды екен. Сондай-ақ, бұл шанышқылар қарапайым шанышқыға қарағанда ауырлау келеді, соның арқасында тамақтану жылдамдығы азаяды.
Орташа бағасы – 15000 тг
Интеллектуалды бөтелке
Спортқа берілген жансыз ба? Ендеше жаттығулар кезінде дұрыс мөлшерде су ішу өте маңызды екендігін білетін боларсыз? Sportline HydraCoach-тан Intelligent Waterbottle атты интеллектуалды бөтелке сізге ос сұрақта көмекке келеді. Ол ағзаңыздағы су мөлшерін есептеп, күні бойы, жаттығулар кезінде қанша су ішкеніңізді санап жүреді. Нәтижелердің барлығы сандық мини экранда көрсетіледі.
Орташа бағасы 4000 теңге
Сандық секіртпе
J-Fit сандық секіртпесі секірулерді өзі санап, кішігірім дисплейінде шығарып отырады. Секіртпе ең көп дегенде 999-ға дейін санай алады. Енді қанша рет секіргеніңізді санап, оған артық күш құртып, деміңізді бұзбауға болады. Бала сияқты секіріп, одан ләззат алып, жаттығыңыз. Айтпақшы, бұл секіртпенің балаларға арналған түрі де бар. Мына жерде секіру жаттығуларының пайдасы жайлы біле аласыз.
Орташа бағасы 2000 теңге
Дене массасының индексін өлшейтін таразы
Сіздің таразыңыз тек килограммдарды ғана өлшей ме? Жаңа заманның таразылары Fitbit Aria сияқты дене массасының индексін өлшей алады. Сондай-ақ, ол бірден денеңіздегі май үлесін көрсетеді. Ал смартфонға арналған арнайы қосымша арқылы нәтижелер онлайн түрде өңделіп, салмақ өзгеруінің графиктерін тұрғызып береді.
Орташа бағасы 19000 теңге
Жүгіруге арналған көзәйнектер
Zeal HD Camera Goggle SFers атты гаджет үлкен күміс түсті көзәйнектер сияқты көрінеді. Алайда оның линзалары арнайы тұманда көре алатындай жасалынған. Соның көмегімен сіз кез келген ауа-райы кезінде сүйікті ісіңізден бас тартпайсыз.
Орташа бағасы 60000 теңге
Жүгіруге арналған қолшам
Жүгіру жаттығуларын жасайтын жандарға арналған тағы да бір гаджет. Кішкентай жарықтандырғыш диодты қолшам (фонарь) кез келген бас киім, қалпақтың үстіне қыстырыла алады. Amphipod Swift-Clip Cap Light жарықтандырғышы сондай-ақ велосипед, ролик айдайтын жандарға пайдалы бола алады.
Орташа бағасы 2000 тг
Кафф құлаққаптары
Кафф тек құлақты сәндейтін бұйым ғана емес, сонымен қатар құлаққаптардың заманауи түрі. Beats By Dre Powerbeats құлақшындары белсенді өмір сүретін жандар үшін өте пайдалы аксессуар болады. Құлаққаптар түрлі түстерде шығарылады.
Орташа бағасы – 20 000 теңге
Плеер не телефонды салуға арналған белбеу
Күнделікті спортпен шұғылданатын адам жаттығулар кезінде телефон не плеерін қай жеріне саларын білмей қалады. Қалтадан түсіп кетеді немесе қолға бөгет жасайды. Сізге көмекке қолға тағылатын чехол-белбеу келеді. Griffin Trainer Sport Armband белбеуін қолыңызға, шынтақтан жоғары жерге байлап, телефоныңызды салып қойыңыз.
Орташа бағасы 3000 теңге
Тақырып бойынша:
Арықтауға арналған гаджеттер Күзде жүгірудің ерекшеліктеріДайындаған: Сания Аринова
Сурет: wmj.ru