Арықтаудың түрлі жолдары мен тәсілдері жайлы мамандар айтып, жазудан жалыққан емес. Бірақ сол әдістердің қайсы тиімді және қайсы ағзаға зиян болуы мүмкін? Сол жайында аз-маз мәлімет.
1. 18.00-дан кейін тамақ ішпеу
Диета жайлы ең танымал аңыз - сағат алтыдан кейін тамақ ішпеу. Негізінде ұйықтауға жатардан 4 сағат бұрын тамақ ішу керек. Бұл жеңіл ақуызды тағам, мысалы, майсыздандырылған йогурт не болмаса дәні айырылмаған екі тілім нан болуы мүмкін.
2. Калориясы неғұрлым аз болса, соғұрлым пайдалы
Егер ағза аз колориялы тағамдарды ғана тұтынатын болса, әрдайым жартылай ұйқылы күйде болады. Артық энергия жұмсамайды, сол себепті калорияның кетуі де екіталай. Аз калориялы диетаға отыру әрдайым өзіңді ұйқылы-ояу, шаршаңқы сезімге кенелтеді. Спорт түгілі, қарапайым жүріп-тұрудың өзіне күш жоқтай болады.
3. Ет жемеу
Ет құрамында ақуыз бен темір бар екені белгілі. Онсыз қан құрамында гемоглобин төмендеп, темір жетіспеуден әлсіздік пайда болады. Сол себепті еттен мүлде бас тартпаған жөн. Тек жасық ет таңдаңыз немесе ас дайындар алдында майын кесіп алып тастаңыз. Және де ет жеуді екі есеге азайтыңыз.
4. Артық салмақтан арылтатын биотаблеткалар қауіпсіз және тиімді
Әр адамның ағзасы әртүрлі. Сол себепті мұндай препараттарды қабылдамас бұрын, дәрігермен ақылдасқан жөн.
5. Ең бастысы – калорияларды санап отыру
Бір грамм ақуыз немесе көмірсуда төрт грамм калория болады, ал бір грамм майда бақандай тоғыз калория бар. Бірдей мөлшердегі тағамдар құрамында калория саны түрлі болып келетінідігімен ерекшеленеді. Сол себепті де бір тәрелке сұлы каша бір тәрелке қуырылған картоптан пайдалы.
6. Ағза белгілі бір салмаққа бейімделген
Дененің қалыптасуына геннің ықпал етері анық. Алайда сіз өз салмағыңызды басқара аласыз. Ол үшін қимыл-қозғалыспен өмір сүріп, дұрыс тамақтану қажет.
7. Ең тиімді диета – тамақ ішпеу
Аш сезіну – бұл метаболизмнің дұрыс жасап тұрғанының белгісі. Егер зат алмасу процесі дұрыс болса, онда әр үш-төрт сағат сайын қарныңыздың ашқанын сезіну керексіз. Алайда ағзаңызды қатты қинамаңыз. Тамақ жемеуден әлсіздік пайда болып, басыңыз айналуы мүмкін. Тек қана рукколадан тұратын аз калориялы салат денеге «майдан арылма» деген сигнал жіберіп, калорияны кетірмейтін болады.
8. Ананас май кетіреді
Негізінде диетологтар май кетіретін тағам жоқ деген пікірде. Дегенмен де ешкім сізге жемістер мен көкөніс жеме демейді...
Сурет: firstwomen.info