Өмірін сағызсыз елестете алмайтын адамдар да бар. Ал артық салмақтан арылу үшін аз тамақтану тәртібімен жүргендер мен диета ұстағысы келетіндерге сағыз шайнауға бола ма? Шешімі шиеленіскен сұрақ.
Сағыз артық салмақ қосады дейтіндер қателеседі. Ол небары 2 кКалл құрайды. Ал осы себепке сүйеніп, бірдеңе жегісі келсе, асқазанын сағызбен алдайтындар бар.
Сағыздың өзі салмақ қоспағанымен, сағыз шайнағанда асқазаннан сөл бөлініп, тез қарын ашады. Ауыз шайнаңдап тұрса, асқазанға тамақ бара жатыр деген сигнал жіберіледі де, ол өз қызметіне дайындалады. Ешқандай азық бармаған соң ішек шұрылдап, тамақ сұрайды. Одан соң диета туралы ұмытып, дереу азықтануға отырасыз.
Тамақтан соң ағзаңыз сағыз талап етсе, асты сіңіру және ауыз қуыстарын тазалау мақсатында 5-ақ минут шайнауға болады.
Мүсініңізге шын жаныңыз ашитын болса, дұрысы, өзіңізді сағыздан алшақ ұстауға дағдыланған жөн.