- Негізгі бет
- Сымбат
- Денсаулығымызға пайдалы 7...
Денсаулығымызға пайдалы 7 минут
1. Таңертең оянған соң 5 минут көзіңізді ашпай жата тұрудың пайдасы мол. Артынша алақандарыңызды бір-біріне жақсылап үйкелеңіз. Құлақ ағзаны басқарудың негізгі тетігі болғандықтан, оны да уқалау керек. Ол үшін бас бармақ, сұқ және ортаншы саусақтарымыздың көмегімен құлағымызды 30 рет жоғары-төмен қозғалтамыз. Осы рәсім барысында бас бармақ құлақтың артында орналасуы тиіс.
2. Оң алақаныңызды маңдайыңызға, артынша оның үстіне сол алақыныңызды қойып, оңға-солға 30 рет жылжыту арқылы уқалаңыз. Айтпақшы, бұл бас ауруынан арылуға да көмектеседі.
3. Жұдырықты түйініп, бас бармақтың көмегімен көзіңізді уқалаңыз. Аталған уқалау мұрыннан құлаққа қарай жылжу арқылы жүзеге асуы тиіс. Бұл жаттығу көздің көруін жақсартады.
4. Оң және сол алақаныңызды бір-бірінің үстінде орналасатындай етіп тамақ қалқаншасының үстіне қойыңыз. Артынша тамақтың төменгі тұсынан іш қуысындағы жүйкелердің тұтасып бірігіп кеткен жеріне дейін 30 рет уқалаңыз.
5. Жатқан кезде керіліп, ішіңізге 30 рет ауа толтырыңыз. Мүмкіндігінше ішіңізді үлкенірек етуге тырысыңыз.
6. Тізеңізді алма-кезек 15 реттен кеудеңізге жеткізіңіз.
7. Іш қуысындағы жүйкелердің тұтасып бірігіп кеткен жерге екі алақаныңызды бір-бірінің үстіне орналасатындай етіп қойып, сағат бағытында жылжыту арқылы 30 рет уқалаңыз.
8. Төсектің жиегіне отырып аяғыңызды айқастырыңыз. Артынша табаныңызды жұдырықтың көмегімен 15 рет уқалаңыз.
9. Жоғарыдағы гимнастиканы жасап болған соң 1 стақан қайнаған су ішу керек, әр жаттығуды 7 минут орындағанда әсері мол болады.
Және ең бастысы не жасасаңыз да, қуана отырып жасау керектігін ұмытпаңыз! Олай болмаған жағдайда, істі қолға алудың еш қажеті болмайды.
Сурет авторы: Yerlan Kidirov (өңделген)
Қ. Бүйенбай