Терінің нәзік әрі тегіс болуы үшін әрдайым жақсы күтім керек. Денеге арналған май сіздің теріңізді жұмсақ, жағымды, тартымды ететін дәл осындай пайдалы құрал саналады. Осы жазбамызды оқып отырған әрбір адам өмірінде бір рет болсын массаж жасатып көрген болар, ендеше, осы үрдіс кезінде майды қолдану міндетті екенін біліп отырсыз. Косметолог мамандар бұларды тек қана массаж кезінде емес, күнделікті тері күтіміне де пайдалануға кеңес береді.
Майдың құрамына енетін компоненттер теріні қалпына келтіріп, жұмсартады, құрғақтық пен тітіркенуден сақтайды.
Әдетте тері үшін бадана, зәйтүн және шабдалы майы қолданылады. Алайда, біздің ғасырда косметологияға өте кең таралған және теріні жасартып, қан айналымын, зат алмасуды белсенді ететін, артық салмақпен, целлюлитпен күресуге қабілетті сығындылары бар әртүрлі экзотикалық майлар енді.
Майды тері күтіміне пайдаланудың тағы бір артықшылығы сырғанаған саусақтардың арқасында ерекше рақат сезіміне бөленесіз. Ал оның иісі тіптен керемет! Ендеше майдың қандай түрі бар және оларды қалай қолдану керек деген сұрақ төңірегінде әңгіме өрбітіп көрелік.
Нероли майы
Нероли майы – оны апельсин ағашының гүлінен алады. Бұл теріні өте жақсы жұмсартып, сипағанда жібектей етіп көрсетеді.
Өрік ағашының сүйегінің майы
Өрік ағашының сүйегі – целлюлитпен күресте керемет құрал, терінің қатқан тұстарын қалпына келтіреді. Майды денеге арналған скраб ретінде де қолдануға болады.
Зімбір тамырының майы
Зімбір тамырының майы – қоздыруда орнын айырбастауға болмайтын құрал және жүйке жүйесін қалпына келтіреді. Демалғыңыз, сергігіңіз келсе, зімбір тамырының майына тоқтаңыз. Маймен жасалған массаж бұлшық ет ауруын басып, құрысуды, түйілуді кетіреді.
Жасмин майы
Жасмин майы – зімбір майы секілді күйзеліс, уайым кезінде көмектеседі, негізі ұйқыссыздыққа тап болған адамдарға арналады.
Темір ағаш майы немесе парсы парротиясы
Темір ағаш майы немесе парсы парротиясы – терінің қартаюын баяулататын бірден-бір май. Өкінішке орай, тері қартаюын тоқтатуға мүлде болмайды, алайда, аталған май үдерісті уақытша үзуге бейім. Құрамында май қышқылдары, А және Е дәрумендері бар. Майды дымқыл теріге жаққан дұрыс.
Бадана майы
Бадана майының қасиеттері туралы білетіндер көп шығар. Бұл май косметологияда да, аспаздықта да өте кең қолданылады. Бадана майы терімізге иілгіштік, созылғыштық қасиет береді, әдетте тегіссіздікті жасыру үшін макияж астына жағылып жатады. Тері құрылымын жақсартуға да қабілеті бар, жүкті әйелдерге теріні созу үшін қолданылады.
Жалбыз майы
Жалбыз майы – сергіткіш, ауруды басу әсері бар. Қан айналымын жақсартып қана қоймай, бүкіл ағза жағдайын мойнына алады.
Лимон және мандарин майы
Лимон және мандарин майларының антибактериялық қасиеттері бар және антисептик ретінде қолданылады. Жүрек соғысының бұзылуы кезінде көмектеседі, сергітеді, теріні тегіс етіп, ағартады. Майды жиыруға да үлесі бар.
Біз атаған майлардың барлығы да дене сұлулығы үшін өзінше дара қызмет етеді. Әлі аталмағандары қаншама, тіпті, бұл туралы арнайы ғылым да бар.
Денеге арналған майларды қолданудың артықшылықтары:
Дымқылдандыратын крем орнына
Үйреншікті құралдар тері қиындықтарымен күресуден қалғанда, май – ең дұрыс таңдау. Кемшілігі: май кремге қарағанда ұзақ уақыт сіңеді.
Демалдыратын ванна үшін
Жылы ваннаға бірнеше тамшы хош иісті майды тамызып, 30 минут бойы ләззат алыңыз (одан артық болмайды). Бұл уақытта тері өзіне керегін алып үлгереді.
Антицеллюлитті массаж үшін
Цитрусты немесе жалбызды эфир майлары қан айналымын жақсартады. Массаждан кейін тегіссіздіктер жазылып, тері жылтыр болып, тартыла түседі.
Ескерту: қандай да бір майды қолданар алдында нұсқаулығын жақсылап оқып алыңыз. Оның құрамын, қолданылу тәсілін жақсылап ұғып алыңыз. Душтан шыққаннан кейін майды жағып, сүлгімен сүртініңіз. Сізге керекті заттар сіңіріледі, қалғаны сүлгімен сүртіледі.
Сұлу да сымбатты болыңыз!
Дайындаған: Бұлбұл Дәрібаева
Сурет:spletnik.ru