Жаз - демалыс кезеңі. Көптен күткен демалыста көл не теңіз жағасына баруға шештіңіз бе? Бұл бірнеше күн шашыңыз үшін азап болмас үшін, мына кеңестермен танысып, демалыс кезінде шашыңызға ерекше күтім көрсетіңіз.
Су
Көлге не теңізге түскенде шашыңызды жіберіп шомылғаныңыз жөн. Дымқыл шаш байланғаны үшін зақымдануы әбден мүмкін. Сондай-ақ суда жүзуге құмар жандардың айтуы бойынша, шаш жіберіп суда шомылған басқа массаж сияқты әсер ете алады екен.
Шашыңызды шайып жүріңіз
Көл не теңізден шыққан бойда шашыңызды таза суда шайып алыңыз. Осылайша теңіз суында болып, шашыңызға сіңген тұзды шайып жібересіз. Осылайша бас терісінің кебуінен сақтанасыз.
Бадам майы
Демалыста өзіңізбен бірге бадам майын алып жүріңіз. Өзіңіздің сүйікті сусабыныңызға бірнеше тамшы бадам майын қосып, шашыңызды жуыңыз. Шаштың ұштарына күніне бірнеше рет бадам майын жағып жүрсеңіз де болады. Бұл шашыңызды құрғап кетуден сақтап, қосымша жылтыр береді.
Күннен қорғаныс спрейі
Шашқа арналған арнайы күннен қорғайтын спрей - жағажайда таптырмас шешім. Ол күн сәулелеріне шашқа зақым етуінен қорғап қала алады.
Қоректендіргіш сусабын мен маска
Демалыста жүргенде шашыңызды күнде сусабынмен жуған абзал. Ал масканы демалыста екі күнде бір рет жасап тұрсаңыз болады.
Бас киім
Жағажайда бас киімсіз жүремін деп ойламаңыз! Бас киім - шаш пен бетке түсетін күн сәулелерінен қорғаныс құралы, сондай-ақ сәнді аксессуар да бола алады.
Демалысыңыз сәтті өтсін!
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: vk.com