- Негізгі бет
- Сымбат
- Дельфинмен емдеу рәсімінің...
Дельфинмен емдеу рәсімінің пайдасы
Дельфинмен сөйлесудің адам денсаулығына тигізер пайдасы мол. Алайда қандай пайдасы бар екенін көбісі біле бермейді. Дельфин терапиясы теңіз жануарлары бөліп шығаратын ультрадыбысты толқындардан құралады. Мұнымен қатар, адам теңіз суына түскенде қимыл-қозғалысы жиілей түседі. Бұған психологиялық әсерін қоса түсіңіз. Бұл қалай жүзеге асады? Дельфиндердің мейірімділігі соншалық, бассейндегі адаммен бірінші болып «тілдесуге» тырысады. Науқаспен суда бірге жүзіп, түрлі ойын ойнаған соң, таңбалы ақпаратпен алмасады. Нәтижесінде әсері өте күшті деген дәрілерді алмастырады.
Дельфин терапиясының басты элементі – ультрадыбыс. Оның әсерін білетін дәрігерлер оны қырық жыл бойы қолданып келеді. Бұл рәсім ультрадыбыстың ағзамыздағы белгілі бір мүшесіне емес, жасушаларға ғана әсер етеді. Әрине, бүгінгі таңда мұндай ультрадыбысты арнайы жасалып шыққан құрылғының көмегімен таратуға болады. Алайда механикалық түріне қарағанда, табиғи ультрадыбыстың әсері екі есе күшті екені анықталған. Теңіз жануарлары осындай әсері күшті ультрадыбыстарды шығара алатынымен ерекшеленеді. Ультрадыбыс әсер етіп тұрған кезде жасушалардың аузы ашылып, пайдалы заттар ағзаға жылдам сіңеді. Нәтижесінде жасушалар арасындағы зат алмасу процессі сапалы болады. Ағзамыздағы қажетсіз сұйық заттар сыртқа шығады. Бұдан өзге дельфиндерден шығатын ультрадыбыс ауырсыну әсерін азайтады.
Дельфиннің психологиялық әсерін де ескеруіміз керек. Бұлар - өте ақылды, мейірімді, қарым-қатынасқа тез түсетін сүтқоректілер. Оның жанында науқас өзін жайлы сезінеді. Адамдар мен дельфиндердің бірдей қимыл-қозғалыс жасап жатқандырын көру арқылы ерекше сезімтал екенін байқаймыз. Олар адамға кез келген жағдайда көмектесуге тырысады.
Қ. Бүйенбай