Дәмдеуіштерді косметика ретінде қолдану

Дәмдеуіштерді косметика ретінде қолдану
Фото: darugida.com

Асхана ханшайымдары дәмдеуіштерді еттің не балықтың исін келтіру үшін, көкөніске дәм беру үшін тамаққа қосады. Сол себепті, текше тәрізді, ұнтақ тәрізді, сұйық түрлері қазіргі асхананың ажырамас бөлігіне айналды. Олар асүйде ғана емес, емде де, бояуда да көмегі барын біліп пе едіңіз?

Басы

1. Тамақ әзірлегенде ингредиенттердің орнын алмастыра алады

Асафетида деп аталатын дәмдеуіш бар. Оның ерекшелігі – сарымсақ пен пиязды алмастыра алады. Сарымсақ пен пиязды ұнатпайтындар асафетиданы қолданса болады. Ал қара тұз деп аталатын дәмдеуіш піскен жұмыртқаның дәмін бере алады. Жұмыртқаға аллергиясы бар адамдар авакадо мен қара тұзды араластырып, салатқа қосуына болады.

2. Дәмдеуіштерді косметологияда қолдануға да болады

Шығыс елдерінде куркуманы косметологияда кеңінен қолданады. Теріні жасартатын крем, лосьон, маска үшін пайдаланады.

Көп қолданылатын макалардың бірі куркума, сүт және балдың қосындысынан тұрады. Әр ингредиенттен бір шай қасықтан алып араластырып, бетке жағып, 30 минут ұстау керек. Кейін жылы сумен жуып тастайды. Бал неғұрлым қою болса, бетке оңай жағылады. Таңертең де, кешке де жағуға болады. Егер ұйықтар алдында жақсаңыз, тері аздап сарғаяды. Таңға дейін қайтып кетеді. Бұл маска бет терісінің түсін реттейді.  Тыртық, жара, безеу орындарын тез кетіреді.

Ал даршынның целлюлитке қарсы тұратын қасиеті бар. Даршыннан жасалған скраб теріні тегістеп, тартады. Демерера қантын (қоңыр қант) бір шай қасық даршын мен стақанның ½ бөлігіндей зәйтүн майын араластырып, скраб жасап, целлюлитті теріге жағасыз.

Тіпті қара бұрышты да косметикалық скрабтарға қосуға болады. Үй жағдайында дайындалатын скрабқа ірімшік пен қара бұрыш керек, екеуін араластырып, бетке жағып, 10 минут ұстау керек. Ол үшін өте ұсақ бұрышты таңдаған дұрыс. Бірақ, бұл скраб барлық теріге арналмаған. Сезімтал, тітіркенгіш теріге жағуға болмайды.

Г. Берік