Жаз мезгілінің соңғы күніне де жеттік. Жеміс-жидектер азайып, құнарлылығы көп тамақ жеуге тура келеді. Оның үстіне күн суытқан сайын пеште піскен ыстық азықтар жегіміз келеді. Ағзамыздың қалауы сол болғанда, жаз бойы сақтаған мүсініміздің мінін құртпай, ары қарай қалай сақтауға болады?
Бізге өзіміз үйден әзірлейтін дәмді сусын көмекке келеді. Ол үшін көп нәрсе де қажет емес.
- 1,5 литр газдалған су;
- 1 лимон.
Лимонды алып, басын кесеміз. Шұңғыл ыдысқа шырынын сығып аламыз. Алған шырынымызды құмыраға (графин) құямыз, үстіне газдалған су құямыз. Арықтататын ғажайып сусынымыз дайын. Әр тамақтың алдында 1-2 стақаннан ішсеңіз, өзіңізді тоқ сезінесіз. Құрамындағы пектин ас қорыту жүйесін реттейді. Өзіңіз тойсаңыз да, көзіңіз тоймай отырсаңыз, өзіңізге өте жақсы тежегіш болады. Тойған соң аузыңызға тамақ алмауға сеп болады.