- Негізгі бет
- Сымбат
- Бұйра шаш күтімі...
Бұйра шаш күтімі
Бұйра шаштың күтімі түзу шаштардан қиынырақ болады. Олардың ұштанып, құрғап, сынғыш болу мүмкіндігін кеміту үшін, мына кеңестерге құлақ түріңіздер.
Құрғақ шашты тарай бермеңіз
Құрғақ бұйра шашты тарай беріп, тек оның сынғыштығын арттырасыз. Сондықтан көп рет құрғақ шашты тарамаңыз. Әрине оны фенсіз, орамалмен кептірген дұрыс. Ал тарақтың орнына өз саусақтарды қолданғаныңыз. Құрғақ шашты суланған алақаныңызбен жатқызып қойсаңыз болады.
Креатин
Креатин - шаштың саулығы мен сымбатына жауап беретін бірден-бір зат. Шашқа арналған кондиционер не бальзамның құрамында осы қосылыс міндетті түрде болуы керек. Ол шашыңыздың бұрымдарын жатқызып, жылтырата түседі.
Табиғи косметика
Шашқа арналған косметикалық құралдардың көбісінің құрамында силикон бар. Ол ерімей, шашты көрінбейтін майлы қабатпен орайды. Нәтижесінде шаш тез кірленіп кетеді, саулығы үшін де бұл қауіпсіз емес. Сондықтан барынша табиғи заттарды қолдануға тырысыңыз, косметикалық құралдың қабығын оқып, құрамымен танысыңыз немесе үйде өзіңіз-ақ маскалар жасаңыз.
Ыстықтан аулақ
Мамандар бұйра шаштарды мүлдем ыстық құралдармен түзетуге, кептіруге, бұйралауға тыйым салады.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: slodive.com
С. А